"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Президент

Мемлекет басшысы Монако Князьімен кездесті

Нью-Йорк қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князьі ІІ Альбермен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қазақстан мен Монако арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің мол әлеуеті бар екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Князь ІІ Альберді елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізген еді.

https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-monako-knyazmen-kezdest-cdf3fc/

ПІКІР ЖАЗУ