Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын тыңдап, ел дамуындағы жаңа кезеңнің басталғанына куә болдық.
Президентіміз атап өткендей:
«Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет».
Осы ретте Мемлекет басшысы еліміздің цифрлық саласын сапалы жаңа деңгейге көтеру үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды, сондай-ақ, Цифрлық кодексті жедел қабылдауды ұсынды. Бұл – Қазақстанды технологиялық тұрғыда жаңа белеске шығаратын, уақыт талабына сай қабылданған стратегиялық шешім.
Бүгінгі Жолдауда көтерілген бастамалар:
• Мемлекеттік басқару жүйесін толық цифрлық форматқа көшіру;
• Ашықтық пен тиімділікті арттыру;
• Үкіметтің барлық салаларда жасанды интеллектіні енгізуге күш салуы;
• Министрлік деңгейінде бұл жұмысты үйлестіретін вице-премьер деңгейіндегі құзырлы орган құру.
Бұл бастамалар еліміздің жаһандық технологиялық көштен қалмай, алға шығуына жол ашады. Әсіресе, жергілікті деңгейде цифрлық сервистерді дамыту, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру және өңірлік басқарудағы ашықтық – біздің алдымыздағы негізгі міндеттердің бірі болмақ.