"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Президент

Тоқаев: Қазақстан халықаралық беделі жоғары, табысты мемлекетке айналды

Президенттің айтуынша, осы жылдарда өте көп жұмыс атқарылды.

«Мемлекет құру ісінің куәгері бол­ған және бұл іске атсалысқан азамат ре­­­­­­тінде «осы жылдарда Тәуелсіз Қазақ­стан­­ның игілігі үшін өте көп жұмыс ат­­­­­қарылды» деп айта аламын. Иә, же­тіс­тіктермен қатар, қателіктер де болды. Он­­сыз мүмкін емес қой?! «Білмейтін жол­­д­ың ой-шұңқыры көп» деген сөз бар. Қа­лай болғанда да, еліміз бұралаңы көп, бағ­дары бұлыңғыр, күрделі жолды жү­ріп өтті. Жер жүзінде Қазақстанға тілеу­лестік білдіргендер аз болған жоқ, бірақ жымысқы ниет танытқандар да бар еді. Өткен ғасырдағы 90-жылдардың ба­сында шетелдерде «қазақтардың қолы­нан ештеңе келмейді» деген пікір ай­тылып жатты. Өйткені, демо­г­ра­фия­лық ахуал мен кеңес дәуірінен қалған сая­си және экономикалық жағдай та­быс­ты мемлекет құруымызға қолбайлау бола­тындай көрінді. 
Өмірдің өзі бұл болжамдарды жоққа шы­ғарды. Қазақстан экономикасы қар­қынды дамып жатқан, халықаралық бе­­делі жоғары, табысты мемлекетке ай­­­­­налды. Бірақ, алдымызда тәжірибесі мол азаматтарға да, жастарға да ортақ ора­сан зор жұмыс бар», деді Мемлекет басшысы.

ПІКІР ЖАЗУ