"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Саясат

Ақтөбеге келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов компанияның экологиялық жобаларын таныстырды

 

 

 

 

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына сапары барысында ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов компанияның осы өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартып, еңбек өнімділігін арттыру бағытында қолға алған жобаларын таныстырды.

– ERG ауқымды «Жасыл металлургия» бағдарламасын әзірлеген, — деді Серік Шахажанов. – Бізде осы бағдарламаға енген арнайы Экологиялық стратегия бар. 2030 жылға дейін бұл бағытқа 228 млрд. теңге инвестиция құюды жопсарлап отырмыз.

Экостратегия қазірден оң нәтиже беріп жатыр. Соңғы 2 жылда Топ кәсіпорындарындағы қатты бөлшек шығарындылары жылына 11 мың тоннаға (8%) азайды. Ластаушы заттар шығарындылары 19%, техникалық суды тұтыну мөлшері қазір 10% қысқарған.

ERG-дің Экологиялық стратегиясы аясында Топ ең қуатты кәсіпорындары – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Дөң ТКБК («Қазхром» ТҰК» АҚ құрамында) орналасқан Ақтөбе облысындағы атмосфераға қатты бөлшектер шығарындыларын 2025 жылға қарай 50 %, ал карьер мен шахталардағы су төкпелерін 34% азайту жоспарланған.

– Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1,2 балқыту цехтарында газ тазарту жүйелері жаңартылды. Құйылған инвестиция көлемі– 14 млрд. теңге,- деді Серік Шахажанов. – Қатты заттар шығарындылары жылына 2 мың тоннаға төмендейді деген ойдамыз. Бұл еуропалық стандарттарға сай.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 балқыту цехынан шығатын ферроқорытпа газын толық іске жарату жоспарланған. Мұнда оны кәдеге жарататын электр станциясы салынады. Өндірілген электр қуаты зауыттың ішкі қажеттіліктеріне жұмсалмақ. Нәтижесінде: жанама СО2 шығарындылары 40% төмендейді. Жобаға құйылатын инвестиция көлемі – 50 млрд теңге. 30 жұмыс орны ашылады. Станция құрылысы 2024 жылдың күзінде басталмақ.

ПІКІР ЖАЗУ