ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алтыншы мәрте келуі – Астана мен Пекин арасындағы стратегиялық сенімнің жоғары деңгейін айғақтайды. Бұл – кездейсоқтық емес, Қытайдың Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі басты әріптесі ретінде қарастыратынының дәлелі. 2013 жылы Астанадан бастау алған «Бір белдеу – бір жол» бастамасының мәні бүгінгі күнге дейін екі елдің инфрақұрылымдық, логистикалық және цифрлық интеграциясында көрініс тауып отыр. Бұл сапар – тек саяси салмақты оқиға емес, сонымен қатар инвестициялық, технологиялық, мәдени ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік.
Авторы: Хромтау аудандық мәслихат депутаты — Ұлан Жаналин