Апта басында Хромтау аудандық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясының отырысы өтті.
Аудандық мәслихат төрағасы Елмұрат Болатовтың төрағалығымен өткен кезектен тыс сессия отырысына аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов, аудандық бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері мен мәслихат депутаттары қатысты.
Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, талқыланды. Алдымен Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Кенжетай Тілеубаев «Аудан әкімдігінің 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебін бекіту туралы» баяндады. Сонымен қатар, Бөгетсай, Дөң, Көктөбе, Қызылсу ауылдық округтерінің әкімдері аталған ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ «Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №101 «2024-2026 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Кенжетай Алдабергенұлы баяндап берді. Аудандық мәслихат төрағасы Елмұрат Болатов «Аудандық мәслихаттың кезекті келесі сессиясының күн тәртібі туралы» айтып, көтерілген мәселелер бойынша шешім қабылдауды ұсынды.
Кезектен тыс он сегізінші сессия отырысында көтерілген келелі мәселелер мәслихат депутаттарының қолдауына ие болып, оң шешімін тапты.
Ақбаян ҚОЖАБЕКОВА