Кезекті кейіпкеріміз — Хромтау ауданының перзенті, суретші Әділғали Баяндин. Бүгінде оның есімін еліміз ғана емес, әлем халықтары да тани бастады.
Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Әділғали Сәрсенұлы Баяндин 1966 жылы 14 желтоқсанда Ақтөбе облысының Хромтау ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қазір ол — Астана қаласының тұрғыны, сонда еңбек етеді. Кейіпкеріміз 1983-1989 жылдары Қазақ КСР Мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитетінің Ақтөбе мәдени ағарту училищесінде көркемдік безендірумамандығы бойынша білім алса, 1989-1994 жылдарыҚазақ Мемлекеттік өнер академиясын монументалды-сәндік кескіндеме мамандығы бойынша бітірген. Өзінің туған жеріне деген сағынышын суретші үлкен толқыныспен жеткізді.
— Суретші болсам деген арманымды жүзеге асыру үшін Алматыға оқуға кеттім. Туған жер ыстық. Қызылжарға арнап бірнеше жұмыс жаздым. Ақтөбенің табиғатын көркемдедім, туған елге қатысты пейзаждық жанрда тапсырыстар алдым. Ақтөбеде шыққан Қобыланды батырға арналған кітапқа Мейірхан Ақдәулетов ағамызбен бірге арнайы иллюстрациялар жасап шықтым. Бұл — сапалы шыққан иллюстрациялардың бірі деп ойлаймын. Мұны «Аңыз адам» журналы басып шықты. Мен 9-10 сыныпты Хромтауда оқыдым. Хромтаудың табиғатын жазу ылғи ойда жүреді. Алайда әзір қол тимей жүр. Хромтаудан шыққан суретшілермен тығыз байланыстамын. Олардың дизайнерлік жұмыстарын көріп тұрамын, — дейді суретші.
Суретші Әділғали Сәрсенұлы — Қазақстанда, сондай-ақ шетелдерде өткен көптеген көрмелердің, бейнелеу өнері бойынша фестиваль және симпозиумдардың қатысушысы әрі жеңімпазы. 2014 жылы «Санкт-Петербург қаласындағы Астана күндері» көрмесі, Астана қаласындағы «Қазақстан мұнайы» көрме-байқауы, Алматы қаласында Ә.Қастеевтің 110 жылдығына арналған көрмелерде оның жұмысы ерекше бағаланған болатын. Ал 2015 жылы Стамбул қаласындағы «Астана-Стамбул» пленэрі, Италиядағы «Көшпенділер әлемі» байқауында жерлесіміз алдыңғы жүлделерді еншілеген болатын.
Ә.Баяндиннің жұмыстары Қазақстан Республикасының мұражайларында, Германия, Франция, Корея, Түркия, АҚШ, Испания, Италияның жеке коллекцияларында,Балтық елдерінің елшіліктерінде орналасқан.
Көркем туындыларында автор алып батырлар тұлғасын, аңшылар, құсбегілер, күйшілер мен ақындар, көшпенділер үрдісін көрсететін сырлы әлемді бейнелейді. Ол — «Көтібар», «Қобыланды», «Тайлақ батыр» аттыкітаптардың иллюстрацияларының, «Көтібар батыр» және «Бекқұл әулие» мазарлары жобасының авторы.
— Өзіміздің тарихымызға, дәстүрімізге байланысты көп картиналар жаздым. Мәселен, «Қамшы-Серт» дегенкартинамды «нотариус» деп атап, Астанада көрмегеқойдым. Қазір қазақтар нотариуссыз шарт жасамайды. Ал бұрын ата-бабаларымыз қол алысып, қамшыныортаға тастаған. Адалдықтың символы ретіндеқамшыға сенім білдірген. Бұл жұмысымда мен көрерменге осы ойды суретпен жеткізуге тырыстым. Одан кейін «Түйенің қомында өскен бала» деген материал іздегенмін. Оны таптым, эскизін жасап қойдым. Келешекте үлкен картина жасағым келеді, — дейдіӘділғали Сәрсенұлы.
Қолы ашық суретші өз туындыларын сыйға да тарту етеді. Жұмыстарының аукциондар, қайрымдылық іс—шараларға шығарылуы туралы:
— Туындыларым көптеген аукциондар мен қайрымдылық іс-шараларына да қойылады, оларды өз ықтиярлығыммен тарту етіп жатамын. Мәселен, «Мейірімді жүректер қаласы» қайырымдылық аукционында 2 суретті сыйға тартсам, Астана қаласындағы Оқушылар сарайында галереяның ашылуына арналған қайырымдылық көрмесіне 2015 жылы 2 суретімді сыйладым. Сонымен қатар Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс ардагерлеріне тағзым» қайырымдылық көрмесіне 2 сурет сыйға бердім. Сондай-ақ елшіліктер ұйымдастырған қайырымдылық, Рождестволық жәрмеңкелерде, аутизмге шалдыққан балаларға арналған шығармашылық шеберханалар ашу үшін қаражат жинауға арналған қайырымдылық аукционы, «Ашық әлем» аутизмі бар балаларды қолдау қорына да өз тарапымнан үлес қостым, — дейді Ә.Баяндин.
Астана қаласын безендіруге де Әділғали Баяндин өз үлесін қосқан. Нақтырақ айтсақ, 2015-2016 жылдары оның картиналарының көшірмелері Астана қаласында билбордтар мен шар түрінде жарқыраған стендтерді безендіруге қолданылған. Оған суретшінің «Қыз Жібек», «Жайлау», «Бүркітшілер», «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Бәйге», «Наурыз» туындылары қолданылған.
Суретші әңгіме барысында Ақтөбедегі сурет өнерінің дамуы, жасалған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы өз ойларымен бөлісті.
— Туындыларымыз шет елге кете бермей, туған елдің мұражайларында тұрса деймін. Былтыр ОңтүстікКореяда, Түркияда көрме жасадық. Әзірбайжан елішақырды. Жұмыстарымды жібердім, жақсы пікірлералдым, жеке коллекцияға бірқатар туындымды сатыпалды. Былтыр демеушілердің шақыртуыменҚатонқарағайдың табиғатын жаздық. Елдегімұражайлармен байланысты жандандыру жоспары тұр. Астана қаласы күніне арнап мұражайда топтық көрмежасауды қолға алдық. Астана көріністерінекомпозициялық идеяларымызды қосып, студент шәкірттерімізді шақырып көрме жасау да ойдағы ісболатын. Жергілікті жерлерде, оның ішінде өзімнің туған жерім Хромтауда бейнелеу өнері шет қалып жатыр. Соған қарамастан республикалық, әлемдік деңгейде белгілі талантты жастар көптеп шығып жатыр. Осындай жастардың біздің өңірден де шыққанын қалаймын. Хромтау — өндірісті өлке болғаннан кейін, мұнда басқа аудандарға қарағанда мүмкіндік көп. Егер шақырту болса, туған жердің жас суретшілеріне шеберлік сағатын өткізуге дайынмын, —дейді Әділғали Баяндин.
Хромтаулық танымал суретшінің шығарған жеке каталогтары «Күнделік» деген атпен 2009, 2019, 2021, 2022 жылдары жарық көрді. Оның туындылары өңірдің бірқатар мұражайларында сақтаулы тұр. Атап айтсақ, «Көтібар батыр» мазарының макеті бүгінде Қандыағаш қаласында сақталса, «Қобыланды батыр» репродукциялар сериясы Хромтау тарихи-өлкетану, ал «Бекқұл әулие» мазарының макеті облыстық тарихи өлкетану музейлерінде тұр.
Әділғали Баяндиннің жеткен жетістіктері:
3 комментария
Адекеңді өз ісінде өте шебер шығармашыл тау тұлға ретінде таныимын. Ағамыздың бейнелеу өнері саласындағы туындылары бірегей колориттегі жазу техникасымен ерекшеленді. Әр тақырыпта орындалған жұмыстары мығыналығымен, түстердің үйлесімді крмпозициялық үндестігімен көз тартады.
Ағатай сізге өнер жолында зор денсаулық, шығармашылық шабыт, талмас қанат, абыройлы ғұмыр тілеймін!
Өнер жолында қанатың талмай шарықтай бер. Ұлтты ұлықтайтын, дәстүрлік қазақи қасиетіміздің исі шығатын шығармашылығың туа берсін.
курдас сенимен мактанамыз кажымас каират,талмас талап творчество лык табыс тилеимин 🙏