2023жылдың ақпан айында Хромтау ауданы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы деректерді толықтыру, зерттеу, іздестіру мақсатында, Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінде болып, өлкемізге қатысты мұрағат құжаттарын алып таныстым. Жұмыс барысында №707 фонд, 1-5 описьтері (Ақтөбе аудандық ОГПУ бөлімінің 1929-1937 жылдарға арналған тұрақты сақтау) қаралды. Нәтижесінде Божыров Ермағамбет (№648 дело), Божыров Айбас (№649 дело) Капин Әмір, Ақшимов Айдарбек,Есжанов Қажы, Ертаев Жиенғазытуралы ақпараттар жинақталып, құжаттардың көшірмелері, анықтамалар мен фотосуреттер музей қорына алынды.
1927 жылдары ел іші ылаңға толы кәмпеске басталған кезде біздің өлкемізде тыс қалған жоқ. Алғашқылардың бірі болып мешіт салдырғаны үшін әрі бай деп ұсталғандардың бірі Жағалбайлы, Бескүрек руынан шыққан Божыр екен. Сол жылы бірнеше бай дегендерді ұстап малдарын кәмпескелеп өздерін ату жазасына кескен. Божырдың отырған ағаш үйіне дейін қызыл белсенділер алып кеткен. Кейін сол ағаш үйді алған адам да көп ұзамай қайғылы жағдайға душар болды дейді.
Баласы Божыров Ермағанбет 1889 жылы туылған.1937жылы 14 қазанда УНКВД үштігі шешімімен ату жазасына кесілген.
1989 жылы ғана ақталған. Божыр бай деп, балаларын байдың тұқымы деп қуғын-сүргінді көп көрсеткен.Оған музей қорындағы мұрағат құжаттары «Тергеу хаттамасы№46, №48» дәлел бола алады.Бұл хаттамада аттары мәңгілікке өшпестей жазылған.
Божыров Ермағамбет — Новоресей ауданы 19 ауылда тұрған. Малшы. Байдың тұқымы. Білімі сауатты. Отбасында 5 адам, екі әйелі болған. Армия әскер қатарында болмаған. Тағылған айып: кедей шаруаларды сыйлықтар беріп, совет үкіметіне қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, байдың тұқымы. (58 статья) 9 жылға сотталған. 14.10.1937 жылы УНКВД үштік шешімімен ату жазасына кесілген. 29.05.1989 жылы ақталған.
Божыров Айбас —Новоресей ауданы 19 ауылда тұрған Малшы. Отбасында 8 адам, екі әйелі болған. 1928 жылғы санақ бойынша 200 бас жылқы, 300 бас қой, 25 бас түйе, 50 бас сиыры болған. 1930 жылы байдың тұқымы деп ұсталған. Тағдырының қалай болғаны, қайда қайтыс болғаны, қай жерде жерленгені белгісіз.
Ақшимов Айдарбек-1891ж Новоресей ауданы, 1 ауылда дүниеге келген. Қарапайым дүкен күзетшісі болған. Тағылған айып: 1934 жылдан бастап көтерме бағамен шай алып, жүйелі түрде сатып отырған. 1938 жылы 14 маусымда өткен қалалық базардағы жәрмеңке кезінде партия мен үкімет басшыларына, халық көсеміне және партия мен үкіметтің қызметіне қарсы әдепсіз жала жапты деп айыптаған. 1938жылы облыстық сот шешімімен 7 жылға еңбекпен түзеу лагеріне айдалған. 1992жылы ақталған.
Капин Әмір-1880жылы Новоресей ауданында дүниеге келген. Болат ауылының тұрғыны. Ақтөбе облыстық байланыс басқармасының бастығы болған. Совет үкіметіне қарсы үгіт жүргізід деген айып тағылған. Тергеу барысында іс бойынша заттай айғақтар табылмаған. Сонда да тергеуге алынып, 1938 жылдың 8 наурызынан бастап Ақтөбе түрмесінде жабылған. 1992 жылы ақтаған. Жаппай коллективтендіру науқаны басталысымен, сол кездегі Жағалбайлы руының Бескүрек атасының ел сыйлаған азаматтары- Байұзақ, Төрежан, Қапа, Қасен, Қали секілді беделді байлардың адамы деп, ең ауыр салықты Әмір Қапинге салған. Жағдайдың ауырлауына байланысты 1929 жылы қызыл вагонмен Алматыда тұратын інісі Сабыр Қапинді сағалап, сол жаққа көшеді. Сабыр Қапиннің жақын туысы ретінде Әмір Қапинге «Халық жауы» деп айып тағылып, 1938жылы 11 сәуірде түрмеге отырғызылады. Сол жерде 1939жылы қаза табады.Облыстық прокуратура 1992 жылы 4 қарашада ақтаған.
Сабыр Қапин Ақтөбе оқытушылар семинариясында оқыған, кейін Ташкент университетінің заң факультетін бітіріп, елдегі зиялы азаматтардың бірі болған. Сабыр Қапин Алматыда жауапты қызмет істеп, елдің зиялы азаматтарымен араласқан. Белгілі ғалым Ишабай Қарағұловтың, Аққағаз Досжанованың, жазушы Ғалым Ахмедовтың үйлерімен жиі араласып тұрған. Мұхтар Әуезовтың үйімен бір көшеде тұрған. Көп ұзамай «Халық жауы» деген айыппен ұсталып, 1938жылы 27ақпанда атылған.
Есжанов Қажы-Новоресей ауданы Ақтасты ауылының есепшісі болған. Ақтөбе облысы бойынша НКВД бастығы. Мемлекеттік қауіпсіздік аға лейтенанты Титовтың Есжановты қамауға алу туралы анықтамасында: «Есжановты қамауға алып, РСФСР қылмыстық кодексінің 58-бабының 7 және 14-тармағы бойынша жауапқа тартылсан»-деген. Тағылған айып:Кеңес өкіметіне дұшпандық танытып, 1938 жылы астық жинау және мемлекетке астық тапсыру уақытында мемлекетке астық тапсыруды әдейі бұзған,ағымда жиналған 250ц дейінгі мөлшерде астықты, астық жетіспейді деген сылтау айтып, көліктерге астықты тиеуге рұқсат бермеген, көліктерді бос қайтарып, колхозшыларды жұмыс күндеріне астық үлестірмейінше мемлекетке астық бермеуге көндірді деп кінә тағылған. Тергеу нәтижесінде іс бойынша кінәсін айғақтайтын немесе растайтын заттай айғақтар жоқ, табылмаған.
Ертаев Жиенғазы-1898жылы Ақтөбе облысы, Новоресей ауданы, (Жамбыл) Ойсылқара ауылында дүниеге келген. Нақты мамандығы мен қызметі жоқ. Отбасылы. Тағылған айып: Совет үкіметіне қарсы антисоветтік агитация жүргізіп, фашисттік Германияны мақтап, Коммунисттік партия мүшелеріне қарсы террористтік ниет көрсетті. 1942 жылы 12 қыркүйекте тұтқындалған. Тергеу жұмысының қорытындысы бойынша: Новоресей ауданы Ақтасты колхозының төрағасы бола тұра, жүйелі маскүнемдікке салынып, колхоз жұмысын дұрыс жүргізбеген. Совет үкіметіне қарсы әрекеттер жасаған. Осындай әрекеттері үшін 1942 жылы 25 маусымда партия қатарынан шығарылған. Архивтік құжатта көрсетілген анықтамада: біріншіден –кінәлі екенін дәлелдейтін нақты айғақ жоқ; екіншіден 1942 жылы 24 қыркүйекте сотталып №5 түрмеге жабылған. 1942 жылға 8 желтоқсандағы Ақтөбе облысының сотының шешімі бойынша Ертаев Жиенғазы 193-10 «а», 58-10-2 статьясымен сотталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
Әкімәлі Қаржауұлытүрлі жаламен жабылған саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі.Ақ сұңқар құстай ұша алмай,
Ұмтыла түсіп құладым.
Төбеттер тартып құлаттау,
Арқаның киік құланын-деп өзінің жағдайын баяндайды. Қазан төңкерісінен кейін елге оралып, жаңа өмір құруға құлшына ат салысады. Өзі туып-өскен аймақта «Ойсылқара», «Қызыл еңбек» колхоздарын ұйымдастыруға қызмет етеді.1929-1930 жылдарда ауылды колхоздастыру жұмыстарына қызу атсалысқан Ә.Қаржауов 1926 жылғы қара жұмыс кезінде бейнет әсерінен ауруға жиі шалдығады және сол кезеңнің қанды қақпанына ұшырап, түзету лагеріне айдалып, Өзбекстан жерінде 1932 жылы 7қазанда түрмеде қайтыс болған. 1962 жылы 22 наурызда ақталған. (Халқыма хат кітабы.Шаһимарал Қаржауов)
Әкімәлі Қаржауұлы1885 жылы дүниеге келген. Ақынның өз өлендеріндегі мәліметке қарағанда туған жері – Ақтөбе уезі, Ойсылқара болысының үшінші старшинасына қарасты Сәндібек қопасы. Бұл өңір ол кезде Торғай облысына қараған. Осы мекен қазір Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, «Құдықсай» елді мекені. Әкімәлінің туған жылы туралы кей деректерде 1888 жылы келген деп жазады. Бірақ, қолымызға түскен, 1991 жылы маусым айында «Ақтөбе» газетінде жарық көрген «Әкем туралы естігендерім» деп аталатын баласы Марал Әкімәліұлының мақаласында: «Әкеміз Қаржауұлы Әкімәлі кедей шаруаның төртінші баласы. Мұқан, Мұқамедияр, Дәулетияр деген ағалары, Кенжеш есімді інісі болған. Туған жері қазіргі Новоресей ауданы Құдықсай совхозының орталығы орналасқан жер (бұрынғы Ақтөбе губерниясы, 18-ауыл). Туған жылы әртүрлі көрсетіліп жүр. Ақынның «Құрман күніне» деген өлеңінде:
Жасым бар жиырмада жылым Тауық,
Өлеңді айтушы едім ебін тауып… дегеніне сүйеніп жыл қайыру кестесінен 1885 жылға тура келіп тұрғанын көреміз. Шешем Балғойқын әкемізді өзінен: «Мүшел жас үлкен еді» деп отыратын. Ол кісі 1897жылы туған. Демек 1885 жылы Әкімәлінің туған жылы екенін сеніммен айтуға болады деп ойлаймын»- деп, жазылған.
Әкімәлі ауыл молдасынан сауат ашып, ел арасына тараған хисса, дастандарды оқып, жас кезінен өлең шығарған.
Әкімәлі 10 жасқа келгенде әкесі Қаржау қайтыс болған. Жастайынан жетімдік пен жоқшылықты көріп өскен. Сол кездегі Ойсылқара болысының байлары Түктібай мен Үсенбайлардың малын бағып, жалшылық еткен.
Әкімәлі 16-18 жасынан ақындық өнерге ден қойып, он тоғыздарда ел арасына аты мәлім бола бастаған.Әкімәлі 1916 жылы патша үкіметінің «Июнь жарлығына» ілініп, еріксіз әскерге алынып, окоп жұмыстарына жіберілген, Польшаның Прода деген шағын қаласының маңында болған. 1918 жылы елге оралған. «Июнь жарлығына» ілінгендердің ауыр тұрмысы мен туған жер, өскен елінен аулақта жүрген қазақ жастарының қайғылы көңіл-күйін елестетерлік нақты деректер «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 215-санында берілген. Газеттің осы санында Әкімәлінің мақаласы мен «Халқыма хат» атты өлеңдері жарияланған. «Ырғыз уезінің Талдық, Қабырға, Құланды, Ордақонған, Қарасай, Толағай,Белқопа, Темірастау, Шеңгел болыстарынан 390 жігіт 16 январьда Орынбор арқылы Сызранға өттік. Әзір аманбыз…»,- дейді Әкімәлі. Мақала соңында «Действующая армия. 108-я полевая почта, 223 инор. раб. партия. 2-ой отряд. 6-я сотня» дейтін Әкімәлінің адресі жазылған. Себебі, «Қазақ» газетінде майдан жұмысынан алынғандардың халін Әкімәлі сияқты сауатты жігіттер ғана жазып тұрған. Осы окопқа бара жатқан сапарында:
Мыржақып пен Ахметке,
Орынборда жолықтым
Көргенімді баяндап,
Оң мен түстей жорыттым.
Ақылдасып жөн сұрап,
Кеңеске қанып молықтым…-деп, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтармен дидарласқанын айтады.
Әкімәлі Қаржауов сол заманда өз өлеңдері арқылы болып жатқан оқиғаларды, халықтың мұң-мұқтажын, зарын баяндаған, шындықты жазған ақындардың бірі. Ақынның өлеңдері 1925-28 жылдар аралығында баспасөзде жарық көрген. Ақтөбе губерниялық «Кедей», «Қазақ» газеттерінде өлеңдері шыққан. Сол кездегі қарапайым халықтың сөзін сөйлеп, жазған өлеңдеріндегі шындығы, әділдігі үшін де 1931жылы қыркүйек айында 58 статьяның 10 тармағы бойынша 3 жылға соттап, сол жылы қараша-желтоқсан айларында Өзбекстанға жер аударылған. Ол 1932 жылы 7 қазанда Өзбекстан жеріндегі лагерьде ауырып қайтыс болған. Облыстық прокуратура 1962 жылы 22 наурызда ақтаған.
Қуандық Жездібаев.Хромтау ауданы, Ойсылқара ауылының тұрғыны болған Жақсылықова Шолпан Жайылханқызының айтуы бойынша «аталары Алтынбаев Қуандық1901 жылы Ақтөбе облысы, қазіргі Хромтау ауданының Қопа елді мекенінде сол кездегі етік тігу шебері Жездібайұлы Алтынбайдың отбасында дүниеге келген. Балалық шағы Қопа, Ойсылқара ауылдарында өткен.1920жылы Орынбор қаласына 2 жылдық курсқа оқуға түседі.Осы жерде “Алтын сақина” сахыналық қойылымына қатысып, “Харидай – ау” әнін орындап,Александр Викторович Затаевичтің ықыласына бөленеді.Қуандық Жездібаев қазақ өміріндегі тұңғыш ән жинағының өмірге келуіне тікелей себепкер болды және қазақтың тұңғыш сахыналық қойылымы “Алтын сақинада” басты ролді ойнайды. «Қазақтың 1000 әні» жинағына Қуандық орындаған 7 ән енгізілген: «Хоридай-ау», «А-уй, а-уй!», «Адасқан», «Айжан-ай», «Сырымбет», «Қараторғай», «Ахау, арман», бұл жинақ бірінші рет 1925 жылы басылып шыққан. Ашаршылық кезінде қазіргі Хромтау ауданына 2 вогонмен астық жібереді.1936 жылы Оңтүстік ҚазақстанТұтынушылар Одағы председательінің орнынбасары қызметін атқарады.Осы қызметте 1937жылы “халық жауы” деп тұтқындалып, Сібірге, Норильскіге айдалады.1946жылы “негізсіз сотталған” деген қорытындымен ақталып,босатылады.
Алтынбаев Қуандықтың фамилиясы кей деректерде «Жездібаев» деп кездеседі, бұл туралы Шолпан Жайылханқызы былай дейді, Алтынбай Қуандықтың әкесі, ал Жездібай атасы болған, бастапқыда фамилиясы атасының атында болған, кейін өз әкесінің атына, яғни 1930 жылдары Алтынбаев деген фамилияға ауыстырған. Енді бұл жерде негізі дұрысы Жездібаев Қуандық Алтынбайұлы болу керек деді.
Алтынбаев Қуандық жүрек қалауымен үйленген жары қайтыс болғаннан кейінгі екінші әйелі Таисия атты орыс қызына үйленген. Бірінші әйелінен бір ұл бір қыз екі бала қалған, Алтынбаев Қуандықтұтқындалған кезде жары Таисиядан Арыстанбек деген ұлы болған, осы кезде Таисия балаларды алып Орынборға кетіп қалған, Жездібаевтың бірінші әйелінен қалған екі баланы Орындордың балалар үйіне өткізіп жіберген, ал бұл кезде өз баласы Арыстанбек 3 жасар болған. Кейін Таисия басқа біреуге күйеуге шығып, баласының аты мен фамилиясын өзгертіп жіберген. Алтынбаев Қуандықтың баласы Арыстанбек – Журавлев Лев Васильевич (деп өзгертілген) Қиыр Шығыс балық шаруашылығы институтының қызметкері, ғылым кандидаты, корабль капитаны болған, орыс, жапон, ағылшын тілдерін жетік меңгерген, қазіргі таңда Владивостокта тұрады.
Қадырбай Мақашев 1900жылы Новоресей ауданы 17 ауылда дүниеге келген. Қарабұтақ ауданында прокурор қызметін атқарған. 1937жылы ұсталып, 1938жылы КСРО Жоғарғы соты Әскери Коллегиясы шешімімен ату жазасына кесілген.1957 жылы 11 маусымда КСРО Жоғарғы соты ақтаған.Оның отбасыда құдалауға ұшыраған. Қадірбайдың әйелі
Мақашева Зеріп 1909 жылы Хромтау ауданы Қызылжар елді мекенінде дүниеге келген. 1937 жылы 9 желтоқсанда тұтқындалады. УНКВД үштік шешімімен 1938 жылы 10 маусымда 8 жылға бас бостандығынан айрылған.
КАРЛАГ-та әйелдер лагерінде жазасын толық өтеп 1945 жылы 9 желтоқсанда босап шығады. Сол кезде 7 жасар қызы Қалия қараусыз қалып қайтыс болған.
1956 жылы нақты қылмыстық айғақтың болмауынан 1956 жылы ақталған.(Анықтама 1994 жыл.25 сәуір.№23-585-94)
Оспанов Мырзағали 1904жылы Ор өзені жағасында Сарыоба ауылында дүниеге келген. Әкесі Оспан дәулетті адам болған. М. Оспановтың баласы Тәбен Мырзағалиұлының айтуы бойынша әкесіне қойылған кінә-«байдың баласы, халық жауы, Жапон тыңшысы». Шын мәнінде Мырзағали Оспанов тірі Жапондықтарды өмірінде мүлде көрмеген. 10жыл бойы Сібірде айдауда болған. 1989жылы 28 маусымда облыстық прокуратура ақтаған.
Біздің өлкемізге «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылған, еріксіз жер аударылғандар да болды.Олардыңбірі түрмеге қамалса, бірі ату жазасына кесілді, ал енді бірі Ұлт қайраткерлеріне КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала тағылды.
«Хромтау өңіріндегі бір ғана Марьевка селосының өзінде 50 дей адамға «халық жауы» деген жала жабылып, қуғын-сүргін қармағына іліккен.
1937-1938 жылдары Қиыр Шығыс өлкесінің 23 ауданынан Оңтүстік Қазақстан облысына, Арал теңізі, Балқаш көлі, Өзбекстан, Ақтөбе өңіріне 20789 корей жанұясы немесе 98454адам жер аударылған. Соның 660-ы Хромтау (Новоресей) ауданы бойынша, Бөгетсай МТС-і колхоздарына орналастырылды. НКВД 1938 жылдың ортасынан бастап, «қауіпті, күдікті адамдар» деген себеппен корейлерге жала жабылып, 130 корей «жапон тыңшысы» деген желеумен ұсталған.» (Хромтау өңірі: қуғын –сүргін құрбандары. З.Байдосов)
Шпрайцер Владимир Иванович 1891жылы Югославия, Сараевода дүниеге келген. Гимназияны алтын белгімен бітіріп, Вена университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 1914 жылы бітірген.
І дүниежүзілік соғыста Австро-венгрия армиясының құрамында болған, орыс армиясына тұтқынға түскен. Ұлы Октябрь социалистік революциясы кезінде Оңтүстік Батыс майданда 76-шы жаяу әскер полкінде қызмет еткен. Далалық өлкенің төтенше комиссары Ә.Жангельдиннің басшылығымен құрылған интернационалдық қызыл отрядқа мүше болған. Сондай –ақ Югославия комунналары дутовшылармен шайқастарға жергілікті жерлерде Қызыл Армия отрядтарын құруға және сол бөлімдердің құрамында әскери тапсырмаларды орындауға қатысқан. Жоғары беделді, әскери білімділігімен ерекшеленген В.И.Шпрайцерді Ақтөбе майданының штаб бастығы етіп тағайындаған. Азамат соғысы аяқталған соң, Ақтөбеде қалып орыс қызы ИгнатьеваЕвгения Федоровнаға үйленген. Шпрайцер өз мамандығы бойынша заң саласында қызмет еткен. Азамат соғысы кезінде большевиктер жағында соғысқаны үшін Югославия елі оған отанына оралуға тиым салған.
Ол неміс, ағылшын, қазақ, татар тілдерін жетік білген. Кейін Новоресейде қазіргі Ақжарда бау-бақша өсіруші болған. УНКВД үштігі шешімімен 1937жылы неміс тыңшысы деп айыпталып, 1938 жылы 11 қазанда атылған. Оңтүстік Орал Әскери округінің трибуналының шемімен 1957 жылы 4 сәуірде, өлгеннен кейін ақтаған. («Ер есімі, ел есінде. Возвращенные имена», Ақтөбе-1990)
Ахмет ТұнғаншинХангерейұлы1890жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген. 1905 жылы бастауыш мектепті үздік бітіріп, 1906-1913ж ылдары Орынбордағы ерлер гимназиясында оқыған. 1913жылыВаршава мал дәрігерлік университетіне оқуға түсіп,оны бітірген соң 1917 жылы елге оралған. 1920 жылы Рабиға Әлмұхамедқызы Сейдалинаға үйленген. 1928жылы қамауға алынып, Ресейге жер аударылған. Бұл жерде оны Воронеж облысына жұмысқа жібереді. Тағылған айыптары: ақсүйек тұқымынан шыққандығы, алты ағайыны Петербург университетін бітірген қызға үйленгендігі. (Ер есімі ел есінде/возвращенные имена. Ақтөбе-1990)1943 жылы Тұнғаншиндер семьясы Орынбор облысына көшіріледі. 1947 жылы Тұнғаншиндер Қазақстанға оралып, Шалқар қаласындағы мал дәрігерлік бактериялогиялық станциясының директоры болған. 1950жылы 10жыл бас бостандығынан айырылып, Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы коллониясында жазасын өтеген. 1958 жылы ақталып, ауыр науқыстанып үйіне оралған. Бірқатар уақыт Алматыда ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс істеген. 1972 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.
Пауль КунтеАрменович1888жылы Австрия астанасы-Венада жұмысшы отбасында дүниеге келген. 14 жасынан бастап типографияда жалдамалы жұмысшы болған. Типографиядан басылып шыққан барлық кітаптарды оқыған. Мектепті қызылға бітірген. 1906 жылы Вена университетінің философия факультетіне түскен және осы оқуымен қатар математика пәнінен дәрістерге қатысып жүрген. 1910 жылы университетті ойдағыдай аяқтап, кейін диссертация қорғап, тарих ғылымының докторы, профессор атағын алған.1908жылы студенттік шағынан бастап, социал-демократиялық партия мүшесі болғандықтан, мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға жол берілмеген. Қайтадан типографиядағы қызметіне оралып, Австрия, Швейцария типорафиясымен қатар мекепте де жұмыс жасаған. Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталып, жағдай ушыққан кезде, жұмысшы қозғалысына белсене қатысқаны үшін Пауль Кунте Корсика аралына жер аударылады. 1922жылы Сібірге жіберіледі. Бұл жерде коммунист-лениншіл ретінде көзге түсіп, Алматыға жоғарғы оқу орнына жұмыс жасауға жіберіледі. Мұнда ғылыммен айналысуға мүмкіндік алған Пауль Кунте «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» деген жинағын шығарған.
Пауль Кунте неміс, орыс, француз, қазақ тілдерін жетік білген. 1931 жылы Кунтенің әйелі коммунисттік партияның мүшесі болып қабылданған, бірақ партияға білдіртпей анасының жағдайын білу үшін Чехословакияға барып келеді, мұндай әрекеттер ол кезде рұқсат етілмеген, осылайша арада жеті жыл өткеннен кейін ол КПСС қатарынан шығарылады, мұның кесірі Кунтеге де тиіп, осылайша ерлі-зайыптылар1937жылы қуғынға ұшырап Ақтөбе облысының Новоресей ауданына жер аударылып келеді. Қазіргі Ақжар орыс орта мектебінде орыс тілі пәні мұғалімі болған. 1956 жылы рак ауруына шалдығып,Ақтөбе қаласында қайтыс болған. Пауль Кунте Отан алдында атқарған еңбегі үшін 1948 жылы «За доблестный труд в годы Великой Отечественной войны1941-1945 годов» медалімен марапатталған.
Қорыта айтқанда, осы зұлмат жылдарында азап шеккен адамдар туралы біздіңбілетінімізден білмейтініміз қаншама, осы қасіреттің кесірінен қаншама ұлт зиялылары зардап шекті, Кеңестік үкімет тіліміз бен дінімізді, тіпті күллі қазақ халқын түпкілікті жоюға дейін тырысып бақты. Әлі күнге дейін ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбандары қаншама деген сұрақ туындайды? Әрине дөп басып, зардап шеккендердің нақты санын беру мүмкін емес, бұл сұрақ өте ауқымды әрі зерттеуді, зерделеуді қажет етеді.
Л.Жолдыбаева
Хромтау аудандық тарихи-өлкетану
музейінің кіші ғылыми қызметкері
Пайдаланылған әдебиеттер
- Әсіп С. Қатерлі дерт, қалжыраған халық.-Алматы, 1998.-336б
- Ер есімі, ел есінде. Возвращенные имена.-Ақтөбе,1990.-74 б
- Ижанова З. Жаралы жылдар.-Алматы:Өлке, 2016.-360 б
- Михайлов В. Хроника Великого Джута (Документальное повествование).-Алма-Ата, СП «Интербук», 1990.-204с
- Нәубет: Публицистикалық ой-толғаулар/Құраст. З.Қыстаубаев.-Алматы: Жалын, 1990.-448 б
- ОмарбековТ. Зобалаң(Күшпен ұжымдастыруға қарсылық): Оқу құралы.-Алматы: Санат, 1994.-272 б
Страницы трагических судеб: Сб. Воспоминаний жертв политических репрессий в СССР в 1920-1950-е гг. // Сост. Е.М.Грибанова, А.С. Зулкашева, А.Н.Ипмагамбетова и др.- Алматы: Жеті жарғы, 2002.-448 с