"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Саясат

ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛ БЮДЖЕТТЕРІ БЕКІТІЛДІ

Апта басында Хромтау аудандық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті.

Аудандық мәслихаттың төрағасы Елмұрат Болатовтың төрағалығымен өткен кезектен тыс он тоғызыншы сессия отырысына аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов, қала және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты.

Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша алдымен Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев «Хромтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №116 «2024-2026 жылдарға арналған Хромтау қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасаса, ауылдық округтер бюджетін бекіту туралы шешімге өзгерістер енгізу үшін Абай, Ақжар, Аққұдық, Бөгетсай, Дөң, Көктау, Қопа, Құдықсай, Қызылсу, Никельтау, Табантал, Тассай, Тасөткел ауылдық округтері әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 27 мамырдағы  №189  «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Алмас Мұңлықов баяндама жасады.

Сессия соңында депутаттар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша шешім қабылдады.

«Хромтау-ақпарат»

ПІКІР ЖАЗУ