"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Қазақстан болашақ технологияларын қаржыландыруды ілгерілетіп, ШЫҰ Даму банкі аясында инвестицияларға қолжетімділікті кеңейтіп келеді

Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы жанынан құрылып жатқан Даму банкі аясында заманауи технологияларды қаржыландыруға басымдық беріп келеді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен әріптес елдердің экономикалары мен инфрақұрылымдық жобаларына байланысты қосымша қаржыландыру көздері туралы таяуда Сиань қаласында (ҚХР) өткен жиында айтылды.

Аталған басқосуға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен серіктес елдердің Қаржы министрлерінің орынбасарлары, сондай-ақ ШЫҰ хатшылығының өкілдері қатысты. Осы жиынға еліміздің атынан ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил барып, ведомство өкілі ШЫҰ Даму банкін құру жөніндегі екінші консультативті кездесуге қатысып қайтқан болатын.

Оның барысында қаржыландырудың басым бағыттары мен капиталдандыру тетіктерін қоса алғанда, болашақ қаржы ұйымының негізгі өлшемшарттары талқыланды.

Дәурен Маратұлы ШЫҰ Даму банкі жаңа буын технологияларын қолдауға бағытталған институт болуға тиіс екенін атап өтті. Басымдыққа ие бағыттар қатарында жасанды интеллект, биотехнология саласындағы жобалар, сондай-ақ Қытай Халық Республикасынан трансферттелетін өнеркәсіп пен «жасыл» технологиялар құралдары бар.

Тәуелсіз қаржыландыру, жергілікті валюталар мен балама қаржы құралдарын пайдалана отырып, жарғылық капиталды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар консультацияларды жоғары деңгейде жалғастыруға келісті. Кезекті кездесу биыл28-29 мамырда Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) өткізу жоспарланған.

Іс-шараның аясында Д.Кеңбеил ҚХР Қаржы министрінің орынбасары Ляо Минмен кездесіп, Қытай нарығында панда-бондтарды шығару бойынша соңғы рәсімдер, сондай-ақ Астана қаласында сорғы-сүзгі стансасы салу жөніндегі жобаны қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Осы бастамаларды іске асыру:

* Қазақстанға ҚХР ірі нарығы мен ШЫҰ аясындағы болашақтағы Даму банкін қоса алғанда, қаржыландырудың жаңа көздеріне қолжетімділігін кеңейтуге;

* өнеркәсіп, инновациялар және «жасыл»технологиялар

* өнеркәсіп, инновациялар және «жасыл» технологиялар саласындағы жобаларғаотандық бизнеске қосымша мүмкіндіктер жасауға;

* капитал көздерін әртараптандыру мен экономиканың технологиялық дамуын жеделдетуге жол ашады.