АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі мен бала құқықтарына қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін Президент сайлау, прокуратура және әлеуметтік заңнамаға қатысты бірнеше заңға қол қойғанынжазған едік.
https://kaz.inform.kz/news/pedagog-martebes-turali-zannamaga-tuzetuler-engzld-cc423899
