"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

КЕНШІЛЕР МЕРЕКЕСІ

Ақтөбе мыс компаниясы кеншілері кәсіби мерекелері қарсаңында спорт алаңында жарыскөркін қыздырды. Шағын футбол мен волейболдан турнирлер, ұлттық ойындар, командалық эстафета және дәстүрлі етік лақтыру жарысы кәсіпорынның вахталық ауылында өтті.  

Ақтөбе мыс компаниясының «Весенне-Аралчинское» жерасты кеніші бөлімшелері арасында шахтёрлер күніне арналған футбол және волейболдан достық турнир жыл сайын өтеді. Биыл АМК-ның 20 жылдығына орай жарысқа көп команда жиналды. Әр құрама барын сала жарысты

«Мен жарысқа бесінші жыл қатысып тұрмын. Бүгін мықтылар жиналған. Тек біздің сәл жолымыз болып кетті. Өзім автосамосвал жүргізушісі болып жұмыс істеймін. Руданы шахтадан жер бетіне шығарамын. Шахтадағыдай спорт алаңында да командалық, біріккен жұмыс маңыздыдейді«Весенне-Аралчинское» жерасты кеніші қызметкері Манас Сәкенов

Жарысқа қатысушылар командалық эстафета мен арқан тартыс кезінде де кеншілер бауырластығының бар күшін көрсете білді. Ал «Қошқар көтеру» ұлттық байқауында жүректі жәнебілектілер сайысты. Бұл сында жүк тиеу-жеткізукөлігі машинисі  Жасұлан Кульмановқа тең келер ешкім табылмады. Ол қошқарды  70 мәрте  көтерді. Жасұлан дәстүрлі кеншілер жарысыетік лақтырудан да үздік шықты. «Жеңіске жеттім, қуаныштымын. Барымды салдым, — деп алған әсерімен бөлісті кенші.
Қызметкерлер үшін керемет мереке ұйымдастырылған. Мен шахтаға жұмысқа бірнеше жыл бұрын келдім. Оған дейін өрт сөндіру қызметінде еңбек еттім. Тау-кен кәсібі әрдайым сұраныста. Жер астында жұмыс жасауға үйренесің. Сенімді жұмыс. Жалақыол маңызды

Корпоративтік жарыстардың тағы бір қатысушысы, футбол турнирінің үздік ойыншысы ретінде танылған Даниил Розенберг те бұл кәсіпке жаңадан келген. Жігіт жақында шахтаға электрмен жабдықтау учаскесіне слесарь болып жұмысқа орналасты. «Біз бүгін тамаша ойнадық, командалар мықты. Мереке деп осыны айт! Мен өзім шахтада жұмыс істеп жатқаныма бірнеше ай болды, маған ұнайды. Кешке біз жігіттермен вахталық ауылдағы  алаңда футбол және волейбол ойнаймыз», — дейді Даниил.

Кеншілер күніне арналған мерекелік іс-шараның соңында жеңімпаздар мақтау қағаздары мен сыйлықтарға ие болды. Ақтөбе мыс компаниясының бас директоры Фарит Суфьянов қызметкерлерге кәсібилігі мен адалдығы үшін алғыс білдірді: «Сіздердің күнделікті жұмысыңыз кеніш пен компанияның дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл AMK-ның алғашқы жерасты кеніші, демек  бұл жер үздік кадрлар, спорттық және өзгеде игі дәстүрлердің қайнар бұлағы».  Бас директор компанияның  қызметкерлерді қолдауға, жайлы және қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыруға әрқашан дайын екенін атап өтті.

Бір ауысымда шахтаға 100-ге жуық жұмысшы түседі. Олардың қауіпсіздігі бірінші орында. Ол үшін шахта нақты уақыт режимінде кеншілердің орналасқан жері мен денсаулық жағдайын анықтайтын заманауи позициялау жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар, апаттық-құтқару камерасы орнатылды. Бұл герметикалық, дербесметалл құрылғы 30-ға дейін кеншілерді орналастыра алады, жұмысшылар камерада  40 сағат бойы бой тасалай алады. Камера жер бетімен байланысатын құралдармен, соның ішінде интернетпен, жарық көздерін пайдалану, ауаны беру және тазарту үшін батареялармен жабдықталған, бұл төтенше жағдайлар кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауға кепілдік береді.

Қауіпсіздік жүйелерін жаңартумен қатар, шахта цехтар мен вахталық ауылдарды  жетілдірудіжалғастыруда. Кеншілер айтқандай, вахталық ауыл  жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Қазір мұнда спорт алаңдары, асханасы мен кір жуатын орындары бар жатақханалар, өткен жылы пайдалануға берілген жаңа әкімшілік ғимараты бар. Жабдықталған әкімшілік кабинеттерде жоспарлау жиналыстары, ауысым алдындағы медициналық тексерулерөткізіледі, диспетчерлер жұмыс істейді. Кез келген шахтаның маңызды бөлмелерінің бірі «ламповая» осында орналасқанБұл жерде шахтаға түсер алдында шахтерлер қауіпсіз жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтарды алады, ал ауысым соңында көтерілген кезде бірден душ қабылдай алады. Кеніш басшылығының айтуынша, вахталық ауылды  абаттандыру жұмыстары жалғасуда, жұмысшыларды орналастыру үшін қосымша жатақхана салынды, бұрынғы жатақхана мен асхананы қайта жаңғырту және жөндеу жоспарлануда.

ПІКІР ЖАЗУ