"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Саясат

ЖОСПАРЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Ақтөбе облысы бойынша департаментінің негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптары мен Әдеп кодексі нормаларының сақталуына бақылау жасау және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Осы тұста, Агенттік Төрағасымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған Қадамдық жоспары» аясында өңіріміздегі барлық мемлекеттік органдардағы персоналды басқару (кадр қызметі) қызметшілерінің қатысуымен кездесу өкізілді.

Ұйымдастырылған шараға 43 мемлекеттік органның қызметшілері қатысты.

Күн тәртібінде «Мемлекеттік орган басшылығын лауазымға тағайындау барысында біліктілік талаптарына сәйкестігі» мәселесі қаралды.

Бүгінде өңірімізде мемлекеттік қызметшілердің 4070 штат саны бар болса оның ішінде, 961-і басшылық лауазымдағы санаттар.

Кездесуде аталған сандағы басшылық лауазымдардың біліктілік талаптарына сәйкестігі қойылатын заңнама нормаларын сақтауы қажеттігі туралы айтылып, бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар жиын барысында мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссияның жұмысының нәтижесі қаралды. Ағымдағы жылдың жартыжылдығында мемлекеттік органдарда тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны 335 адамды құрады. Бұл, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тәріптік жауапкершілікке тартылғандар көрсеткіші 8,8%-ға төмендегендігі байқалады.

Сонымен бірге күн тәртібінің келесі мәселесінің бірі «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің қызметі туралы болды. Аталған ақпараттық жүйе барлық мемлекеттік органдарда жұмыс жасайды. Онда қызметшілердің мемлекеттік қызметке келіп түсуінен бастап, оны өткеру және мемлекеттік қызметтен шығуға дейінгі жинақталған барлық мәліметтер сақталады. Осы ретте, аталған жүйенің тиімді жұмыс жасауы үшін мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметшілер туралы ақпаратты уақытылы жаңартып отыруы қажеттігі жеткізілді.

Сонымен қатар жиында мемлекеттік органдардағы қызметтік автокөліктердің мақсатты пайдалануына жүргізілген талдаудың қорытындысы қаралды. Осы тұста, мемлекеттік қызметшілерге жағымсыз ақпаратты болдырмау бойынша белгіленген заңнама талаптарын сақтау қажеттігі аталып өтті.

Кездесу соңында бұзышылыққа жол берген бірқатар мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар енгізілді.

Д.Убайдуллин,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы

ПІКІР ЖАЗУ