Көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар санын 86-ға жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарсы күнінде қазақстандық спортшылар медальдар санын 86-ға жеткізді.
Нақтырақ айтсақ, бүгін отандастарымыз ел қоржынына 6 алтын, 7 күміс, 5 қола жүлде сыйлады. Жалпы есепте Қазақстан қоржынында 32 алтын, 24 күміс, 27 қола жүлде бар. Осылайша, жалпы есепте спортшыларымыз бірінші орында келе жатыр.
Ал бүгін Қырғызстан құрамасы бір күнде 6 алтын медаль, 4 күміс, 5 қола медаль жеңіп алып, екінші орынға көтерілді. Олардың еншісінде жалпы 16 алтын, 17 күміс, 20 қола жүлде бар.
Ал үздік үшінші орында келе жатқан Өзбекстан құрамасының еншісінде 11 алтын, 12 күміс, 11 қола медаль болса, төртінші орынға 11 алтын, 10 күміс, 24 қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы иелік етіп келеді. Бестікті 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен Түркия құрамасы түйіндеп тұр.
Бүгінге дейін жалпы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдесі 32 мемлекеттің спортшыларына бұйырды.