"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

АЭС салу – Қазақстанның энергия қауіпсіздігіне жасалған маңызды қадам

— Қазақстанның экономикалық дамуындағы маңызды қадамдардың бірі – энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Елдегі энергия тапшылығы мәселесі өсіп жатқан экономика мен халық санына байланысты күрделі сипат алып отыр. Бүгінгі таңда баламалы энергия көздерін дамыту қажеттігі туындап тұрғанымен, негізгі энергия көзі ретінде АЭС салу маңызды қадам деп есептеймін.

Атом энергиясы әлемнің көптеген дамыған елдерінде тиімді пайдаланылып келеді. Бұл біз үшін жаңа мүмкіндік әрі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық салаларын энергиямен қамтуда сенімді шешім болады деп ойлаймын. Дегенмен, халықтың пікірін ескеру – басты міндет. Референдум өткізілуі – осы бағыттағы маңызды демократиялық қадам. Кез келген шешім халықтың еркін білдіретінін ескерсек, референдумның нәтижесі мемлекетіміздің болашағына ықпал ететіні сөзсіз.

Ұлан Мүбаракұлы Жаналин, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Хромтау аудандық филиалының директоры

ПІКІР ЖАЗУ