Қазақстанда АЭС салу – елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Атом энергетикасы әлемдік тәжірибеде өзін тиімді әрі экологиялық таза қуат көзі ретінде дәлелдеген. Біз қазіргі жағдайда жаңартылатын энергия көздерін дамытуға да көңіл бөліп отырғанымызбен, атом электр станциялары елдің экономикалық дамуы мен индустриялық жетістіктерін қолдауға қажет. Сондықтан бұл шешім Қазақстанның болашақтағы тұрақты дамуы үшін өте маңызды және тиімді болады деген сенімдемін.
Сағынбай Фархад Сүлейменұлы — «Қаһарман» ҚБ төрағасы, Аудандық мәслихат депутаты.