"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ДАУЫС БЕРДІ

№484 АЭС салу бойынша референдум учаскесінде «Нұр-Сапар» ЖШС-нің директоры Талма Тасбулатова ел болашағы үшін өз таңдауын жасады.

— Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Болашағымызға қатысты таңдау жасауда қалыс қалу жарамайды. Әрбір азамат келіп дауыс берсе, сонда ғана нағыз демократия орнайды. Мен еліміздің ертеңі үшін дауыс бердім. Барлық хромтаулықтарды белсенді болуға шақырамын,- дейді Талма Сапарқызы. 

Айта кетейік,  бүгін АЭС салу бойынша референдум учаскелері 20:00-ге дейін жұмыс жасайды.

Әр адамның дауысы маңызды! Өз таңдауынды жаса!

ПІКІР ЖАЗУ