Ақтөбе өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы кенді өлке Хромтау ауданына арнайы ат басын бұрды. Алдымен аудандық орталық аурухананың жұмысымен танысып, аурухананың техникалық базасын қарап, жасалып жатқан жұмыстардың барысын бағамдады
– «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Хромтау ауданының жұмыс істеп тұрған аудандық ауруханасы бөлімшелердің ашылуымен, күрделі жөндеу жүргізу және медициналық жабдықтармен (МРТ, агиограф) жарықтандыру жолымен жаңғыртумен жақын маңдағы аудандардың тұрғындарына қызмет көрсету үшін көп бейінді аудандық ауруханаға айналдырылатын болады, – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмалары шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінде қазіргі уақытта медициналық көмектің пациентке бағдарланған моделін қалыптастыру мақсатында саланы түбегейлі қайта жаңғыртуға бағытталған жұмыстардың жүргізілуін тілге тиек еткен ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев аудан тұрғындарына атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті.
– Наурыз айынан бастап жүкті әйелдерге перинаталды диагностиканың инновациялық әдістерін жүргізуге және патологиясы бар баланың туу қауіпін уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін «бір күндік клиника» жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жоба 10 өңірде, оның ішінде Ақтөбе қаласында енгізілді. Сонымен қатар, медициналық жұртшылықпен және сала активімен кеңінен талқыланатын Бірыңғай медициналық көмек пакеті бойынша жоба әзірленді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құру бойынша жұмыс басталды. Ол меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын барлық денсаулық сақтау ұйымдары үшін деректердің түпкілікті бақылауы мен объективтілігін қамтамасыз етуге тиіс, – деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сламжанұлы өз сөзінде.
Кездесуде Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев өңірде осы салада атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, аудан тұрғындарына баяндап берді.
Кездесуге қатысқан аудан тұрғындары дәрігерлердің жетіспейтіндігін, ауылдық жерлердегі медициналық пункттермен тығыз байланыстың жоқтығын, жедел жәрдем көліктерінің тапшылығын айтып, өз сауалдарын жолдады.
Барлық сұрақтарға заң шеңберінде жауап берілді. Кадр тапшылығы туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев былай деді:
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында білікті медицина кадрларының тапшылығы проблемасы өзекті болып қала беретінін атап өтті. Оны шешу үшін медициналық білім беру сапасын едәуір жақсарту, оның ішінде гранттардың сараланған мөлшерін енгізу, оларды білім беру процесінің деңгейіне қарай бөлу талап етіледі. Денсаулық сақтаудың кадрлық саясатының нәтижелігін арттыру шеңберінде Мемлекет басшысы 2024 жылғы 19 сәуірде «Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Онда ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде немесе ауылдық өмірлерге жұмысқа орналасқан медицина қызметкерлеріне 8,5 млн. теңге мөлшерінде ақшалай төлем беліглеу, сондай-ақ, медициналық қызметкерлердің мәртебесінің көтерілуі және дәрігерлік кәсіптің беделі қарастырылған, – деді ол.
Ақбаян ҚОЖАБЕКОВА