"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМ ТАПТЫ

Дүйсенбі күні аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, сауалдарына заң шеңберінде жауап берді.

Аудан әкімінің қабылдауына тұрғындар алдын ала жазылады. Қабылдауға келген тұрғындар жеке мәселесімен қатар, әлеуметтік мәселелерді де көтереді. Барлығына аудан басшысы заң аясында жауап беріп, тұрғындардың өтініш-шағымдарын жеке бақылауына алып, тиісті бөлім басшылары мен әкімдерге нақты тапсырмалар береді.

– Әр тұрғынның көтерген мәселесі шешімін тапқанша біздің тарапымыздан тұрақты бақылауда болады. Аудан әкімінің қабылдауына тұрғындар 59-9-98 байланыс телефоны арқылы алдын ала жазыла алады, – дейді Хромтау ауданы әкімінің аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету құрылымдық бөлімшесінің бас маманы Марал Ермағамбетова.

Бүгінгі қабылдауда аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов 11 тұрғынды қабылдады. Олар өз кезегінде үй мәселесі мен жұмысқа орналасу мәселесін көтерді.

– Бүгін аудан әкімінің қабылдауында болдым. Үй кезегінде тұрмын. Мәселемді айтып, заң аясында жауап алдым, – дейді аудан әкімінің қабылдауында болған Нұрсұлу Жұмағазина.

Ақбаян ҚОЖАБЕКОВА

ПІКІР ЖАЗУ