Шерхан Отаров Хромтау аудандық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов жаңа басшыны аудан активімен таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Шерхан Табиғатұлы 1995 жылы Шалқар ауданында дүниеге келген, білімі – жоғары, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде биология пәні мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2017-2019 жылдары аралығында биология пәні мұғалімі болып бастап, 2019-2021 оқу жылдары мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары және 2021-2024 оқу жылдары №3 Хромтау орта мектебінің директоры қызметін атқарды.