"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Экономика

Салық реформасы: халық мүддесі мен экономикалық тұрақтылық

Салықтық саясаттың түпкі мақсаты тек мемлекеттік бюджетті толықтыру емес, сонымен қатар экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыру болуы тиіс. Егер салық мөлшерлемесі экономикалық дамуға кедергі келтіріп, халықтың қаржылық жағдайын нашарлататын болса, онда мұндай реформа өзінің бастапқы мақсатына қайшы келеді. Сондықтан, ҚҚС реформасы халықтың әл-ауқаты мен экономикалық өсімнің мүддесін теңестіруге бағытталуы қажет. Мемлекет басшысының салық реформасын тек Үкіметтің емес, бизнес пен қоғамның қатысуымен талқылауды талап етуі – халық үніне құлақ асатын мемлекеттің нақты көрінісі. Егер жаңа салықтық жүйе халық пен кәсіпкерлер үшін әділ әрі қолайлы болса, онда ол елдің экономикалық тұрақтылығына оң әсерін тигізіп, бизнес пен тұтынушылар арасындағы тепе-теңдікті сақтайды. Осыған орай, Үкіметке ҚҚС мөлшерлемесін қайта қарастыру, сараланған тәсілді енгізу және салықтық саясаттың әділеттілігін қамтамасыз ету тапсырылды.

Талма Тасболатова,
“Нұр Сапар” ЖШС-нің директоры

ПІКІР ЖАЗУ