"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ҰЛТ БІРЛІГІ — ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕПІЛІ

Қуаныш Біржанов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы:

— Қасым-Жомарт Кемелұлының Ассамблея отырысында сөйлеген сөзі — ел ішіндегі қоғамдық келісімді сақтаудағы нақты бағдар. Мемлекет басшысының әр сөзі қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған. Қоғамдық кеңес ретінде біз халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, ашықтық пен әділеттілікті қамтамасыз ету жолында еңбек етеміз. Ел Президентінің бастамаларына қолдау білдіре отырып, Хромтау жұртшылығының игілігі үшін жұмысты жалғастыра береміз.

ПІКІР ЖАЗУ