"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

ТЫНЫШТЫҚ ПЕН БІРЛІК — БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

Байділдә Өмірбаев, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

— Ассамблеяның кеңейтілген отырысында Президентіміз халқымыздың сан ғасырлық даналығына, ел ішіндегі татулыққа негізделген мағыналы ой-пікірлерімен бөлісті. Біз бұл үндеуді терең түсінеміз әрі қолдаймыз. Жастарға жөн сілтеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау — біздің басты міндетіміз. Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы — еліміз үшін маңызды әрі тағылымды белес. Бұл құрылымның басты мақсаты — ел ішіндегі бірлік пен келісімді нығайту болса, ол осы міндетін абыроймен атқарып келеді. Ассамблея түрлі этнос өкілдерінің басын біріктіріп, бір шаңырақ астында татулық пен өзара құрметке негізделген қоғам қалыптастыруға зор үлес қосты.

Ассамблеяның арқасында елімізде этностар арасында бейбіт қарым-қатынас орнығып, толеранттылық мәдениеті дамыды. Бұл институт тек қоғамдық келісім құралы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның болашаққа нық қадам басуына ықпал ететін маңызды күшке айналды. Президенттің ел ішіндегі келісімді сақтау жолындағы ұстанымы біз үшін бағдар болып қала береді. Ел ішінің тыныштығы мен бірлігі — барша қазақ үшін баға жетпес байлық.

ПІКІР ЖАЗУ