Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жастардың патриотизмі мен жаңашылдығы жайлы айтылған ойлары әрбір ардагердің жүрегіне жетті.
«Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ үшін патриотизм – жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деген сөз – уақыт талабына сай айтылған шындық.
Біз, аға буын өкілдері, елге адал қызмет етуді мұрат тұтқан ұрпақпыз. Бүгінгі жас та соны жаңаша түсінеді – олар ғылымға, технологияға ұмтылады. Бұл — қуанышты құбылыс.
Ардагерлер кеңесі ретінде біз жастардың бастамаларына әрдайым қолдау көрсетеміз. Өйткені бүгінгі білімді жас – ертеңгі әділетті, қуатты Қазақстанның тірегі.
Болат Ашабаев
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы