"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Қоғам

Ұрпаққа жалғасқан естелік

Ұрпаққа жалғасқан естелік

Жеңіс күні қарсаңында Ақтөбе мыс компаниясықызметкерлері ұл-қыздарымен бірге Ұлы Отансоғысының ардагері Василий Грецкийдіқұттықтап барды.

Кездесуге балалар алдын ала дайындалған. Оларөздерімен бірге күн, гүлдер, ашық аспанбейнеленген суреттерін ала келді. Балалардыңқарапайым еңбектері ең жылы сыйлыққаайналды. Василий Иванович 102 жаста. Ол үшінмұндай кездесулер  ерекше қуаныш. Ардагербалалармен әңгімелесіп, әр күн бақыт пен қуанышқа толы болсын деп тілегін жеткізді.

Осындай кездесулердің маңыздылығы туралықонақтар да атап өтті. «Мұндай қарым-қатынасмерекеге шынайы мән береді. Бұл жай ғанадәстүр емес, ұрпақтар арасындағы өміршеңбайланыс. Естелік  балаларға қамқорлық, жылылық және қарапайым қарым-қатынасарқылы беріледі», – деді АМК-ның әлеуметтікмәселелер жөніндегі маманы Ирина Гольцварт. Оның қызы Ева: «Біздің отбасымызда төртардагер болған. Өкінішке қарай, олар қазіржанымызда жоқ, бірақ біз оларды әрдайыммақтанышпен еске аламыз», – деп қосты.

АМК өндірістік оқыту орталығының нұсқаушысыБақытжан Сағынтаев та өзінің отбасылықтарихымен бөлісті. «Менің атам ӨтепбергенСағынтаев 17 жасында соғысқа кеткен. Ата-анамның айтуынша, майданға бару үшін туғанжылын өзгертіп, Отан қорғауға аттанған. Берлинді алуға қатысып, ордендер мен медальдармен марапатталған. Қазір мен оныңерлігін балаларымa айтып, олардыңаталарымыздың қандай ерлік жасағанын біліпөсуін қалаймын», – дейді Бақытжан.

9 мамыр қарсаңында Ақтөбе мыс компаниясымен «КазГеоруд» кеншілері дәстүр бойыншаКөктау, Майтөбе және Қопа ауылдарындағы тыл еңбеккерлерін де құттықтады.