Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін, білім беру саласына да ерекше мән берілген құжат болды. Әсіресе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің сапасын көтеру және цифрлық білім беруді дамыту бағытындағы бастамалар біз, мұғалімдер үшін аса маңызды.
География – оқушылардың кеңістіктік ойлауын, табиғат пен қоғам арасындағы байланысты түсінуін қалыптастыратын пән. Президент айтқандай, білім мазмұнын жаңғырту, пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу – география пәні бойынша да өзекті мәселелердің бірі.
Сондай-ақ, Жолдауда айтылған экологиялық тәрбие мен жасыл экономикаға көшу мәселелері де география пәнімен тығыз байланысты. Біз оқушыларға туған жердің табиғатын сүюді, оны қорғауды, ресурстарды үнемдеп пайдалануды үйретуіміз керек. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні – қуантарлық жайт.
Қорытындылай келе, Президенттің Жолдауы – мұғалімдер үшін жауапкершілікті арттырумен қатар, жаңаша жұмыс істеуге ынталандыратын нақты бағдар. Біз, география пәнінің мұғалімдері, еліміздің жас ұрпағын сапалы біліммен қаруландыруға және олардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыруға бар күшімізді саламыз.
