Қазақстан – цифрландыруға көшбасшы болуға дайын
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы Жалпы дебатта Қазақстанның цифрландырудағы стратегиялық бағытын жариялады. Ол үш жылдың ішінде елімізді толық цифрланған мемлекетке айналдыру жоспарын ұсынды.
Президенттің сөзінше, ЖИ мемлекеттік қызметтің барлық саласына енгізіліп, халыққа ыңғайлы электрондық формат кеңейе түседі. Қазірдің өзінде қызметтердің 90 пайызы онлайн көрсетілуде. Сонымен қатар цифрлық прогресс жұмыс орындарына әсер ететіні айтылды. Сондықтан Қазақстан кәсіби білім беруді дамытып, жаңа мамандықтардың мәртебесін көтеруді басты назарға алады.
Бұл қадам елдің болашақ экономикасына инвестиция ғана емес, әрбір азаматтың цифрлық мүмкіндіктерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін ұлттық стратегия.