"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Қоғам

ҚАУІПСІЗ ОРТА — САНАЛЫ ҰРПАҚ КЕПІЛІ

ҚАУІПСІЗ ОРТА — САНАЛЫ ҰРПАҚ КЕПІЛІ

Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде ата-аналарға арналған «Жастардың өміріндегі қауіп-қатерлер: Заң, сенім және психологиялық қауіпсіздік» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шара жасөспірімдердің өмірінде туындайтын қауіп-қатерлердің алдын алу жолдарын түсіндіріп, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейтуге бағытталды.
Кездесу барысында:
құқық бұзушылықтың салдары;
діннің экстремизмге жетелеуі;
аутодеструктивті мінез-құлық;
зорлық-зомбылық пен буллинг мәселелері қаралды.
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Медеухан Жасжанова жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігі және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жолдарын түсіндірді.
Хромтау аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция майоры Қуаныш Мырзагелдин құқық бұзушылық пен буллингтің жауапкершілігі туралы баяндады.
Хромтау аудандық дін істері орталығының басшысы Досхан Бегімбетов жастарды дін атын жамылған экстремизмнен қорғану жолдарын түсіндірді.
«Хромтау» газетінің аға тілшісі Алмат Зейналлаев ақпараттық қауіпсіздік пен ата-ананың рөліне тоқталды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауап алды.
Өз тілшімізден.

ПІКІР ЖАЗУ