"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Елдің татулығы мен бірлігі – мемлекеттің ең үлкен байлығы

  • Кез келген елдің тыныш өмір сүріп, дамуы ең алдымен халықтың татулығы мен бірлігіне байланысты. Ел ішінде ауызбіршілік болса, қоғамда тұрақтылық орнайды. Ал тұрақтылық бар жерде даму, өсіп-өркендеу болады. Сондықтан татулық пен бірлік – мемлекеттің ең басты тірегі.

Татулық дегеніміз – адамдардың бір-біріне түсіністікпен қарап, сыйластықта өмір сүруі. Қоғамда әртүрлі пікір, әртүрлі көзқарас болуы мүмкін. Бірақ сол айырмашылықтарға қарамастан, адамдар ортақ мақсат жолында біріге алса, елде береке болады. Қазақ «Ырыс алды – ынтымақ» деп бекер айтпаған.

Ынтымақ бар жерде ғана халықтың тұрмысы түзеліп, ел еңсесі көтеріледі.
Бірлік – елді қиын кезеңдерден алып шығатын күш. Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз небір ауыр сынақтарды бірліктің арқасында еңсерген. Қиын заманда жұрт бір-біріне сүйеніп, бірге күресе білді. Бұл – бірліктің нағыз көрінісі.

Елімізде әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл да – елдегі бірлік пен татулықтың айқын белгісі. Бір-бірінің тілін, дәстүрін, мәдениетін құрметтеу – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі. Осындай сыйластық сақталған жерде достық та нығая түседі.

Сағынов Әбділда, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ПІКІР ЖАЗУ