2026 жылғы 9 ақпанда Ұлттық академиялық кітапханада «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (Қазақстан) ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысына Халықаралық заңгерлер қауымдастығының өкілдері, халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар, заңгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған конституциялық реформаны және еліміздің болашақ дамуы үшін стратегиялық маңызы бар жаңа Ата заң жобасының негізгі ережелерін талқылады.
