Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндеКонституциялық реформаның мазмұнын ғылыми-құқықтықтұрғыдан зерделеу, институционалдық өзгерістердің мәнінтүсіндіру және академиялық қауымдастық пен қоғамөкілдері арасында кәсіби пікір алмасу мақсатындасарапшылар отырысы өтті.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, Басқарма төрағасы – ректор, Конституциялық реформа жөніндегі Конституциялық комиссияның мүшесі Лаура Қарабасова, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы ТәттігүлТалаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Үмбетхан Сарсембин, сондай-ақ «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Айнұр Нурутдинова жаңа Конституция жобасыныңнегізгі бағыттары бойынша баяндама жасады.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасыныңқұқықтық тетіктері мен қоғамдық-саяси маңызы кеңіненталқыланды. Сарапшылар жаңа Ата Заң жобасы әділеттілік, заң үстемдігі және әлеуметтік жауапкершілікқұндылықтарын орнықтыруға бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ, адами капиталды дамыту, зайырлы және сапалыбілім беру жүйесін нығайту, ғылым мен инновацияныстратегиялық басымдық ретінде айқындау мәселелеріерекше аталды. Сарапшылардың пайымдауынша, білім мен ғылымға негізделген экономикалық модель қалыптастыру – конституциялық реформаның ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің басты алғышарты.
Ашық диалог форматында өткен жиынға ғылымиқауымдастық және құқықтық сала өкілдері, бұқаралықақпарат құралдарының басшылары, университеттіңпрофессор-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлімбасшылары қатысты.
Университет алаңында өткен бұл кездесу академиялық орта мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, конституциялық реформаның мазмұнын терең ұғынуғамүмкіндік берді.
