"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Ұлытау облысының тұрғындарыЖалпыұлттық коалиция мүшелеріменкездесуде жаңа Конституция жобасынқолдайтындарын білдірді

Жезқазғанда С. Қожамқұлов атындағы Қазақмузыкалық-драма театрында «Әділетті жәнеПрогрессивті Қазақстанның ХалықтықКонституциясы үшінЖалпыұлттықкоалициясының мүшелері Ұлытау облысыныңтұрғындарымен кездесті.

Делегацияны ҚР Премьер-министрініңорынбасарыМәдениет және ақпаратминистрі Аида Балаева бастап келді. Кездесугесондай-ақ депутаттар мен сарапшыларқауымдастығының өкілдері, қоғамқайраткерлері, заңгерлер, білім беру саласының мамандары және өңір тұрғындарықатысты.

Жиында Премьер-министрдің орынбасарыЖаңа Конституция жобасында білім беру, ғылым, мәдениет және инновациялардыдамытуға, сондай-ақ ұлттық бірегейлік пен тарихи-мәдени мұраны сақтауға бағытталғаннормаларға ерекше назар аударды.

«Жаңа Конституцияда ұлттық мәдениеттідамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау сияқтымәселелер де нақты көрініс тапқан. Мұның бәріұлттық болмысымызды сақтауға және руханиқұндылықтарды келер ұрпаққа жеткізугебағытталған маңызды қадам деп білемін. Жобааясында білім беру, ғылым, мәдениет жәнеинновация салаларын дамытуға ерекше назараударылады. Өйткені қазіргі заманда адамкапиталы – кез келген елдің бәсекегеқабілеттілігінің басты факторы. Қуаттымемлекеттің тірегіозық ойлы ұлт, дамығанмәдениет және жоғары зияткерлік әлеует», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар Аида Балаева ЖаңаКонституция жобасы іргелі демократиялыққағидаттарды нығайтуға бағытталғанын атапөтті. Оның ішінде сөз бостандығына кепілдікберу мәселесі ерекше көрсетілген. Соныменбірге әрбір азаматтың ар-намысы, қадір-қасиетімен құқықтарын қорғау да толық қамтамасызетілетіні нақты айқындалған.

«Жаңа Конституция жобасы дамығанмемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, сөз бостандығына толық кепілдік береді. Ұсынылып отырған нормалар сөз бостандығыншектеуге емес, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өмірін қорғауғабағытталған. Ең бастысынегізгі қағидаөзгеріссіз қалады. Конституцияда сөзбостандығына кепілдік беріледі және цензурағатыйым салынады. Сөз бостандығы мәселесінетек журналистиканы дамыту тұрғысынан ғанақарауға болмайды. Қазіргі ашық қоғамда әркімөз ойын еркін білдіре алады, бірақ бұл құқықкең мүмкіндіктермен қатар белгілі біржауапкершілікті де талап етеді. Әрине, қоғамдаәртүрлі пікірдің айтылуықалыпты құбылыс. Дегенмен қандай сын айтылса да, тұтас бірхалықты кемсітіп немесе оның болашағынакүмән келтіретін тұжырымдар жасау дұрысемес деп ойлаймын. Қазақ халқы ғасырларбойы талай тарихи сыннан өтіп, өзінің тілін, мәдениетін және ұлттық болмысын сақтапқалған халық. Ең бастысы Президентімізайтқандай, тәуелсіздікбәрінен де қымбатқұндылық. Тәуелсіздік бізге кездейсоқ келгенжоқ, ата-бабамыздың күресі мен қаншамабоздақтарымыздың еңбегінің нәтижесіндекелді. Сондықтан оның қадірін төмендетугенемесе жоққа шығаруға болмайды. Еңмаңыздысықоғамды бөлетін емес, біріктіретін ой айту, ұлт болып ауызбірлігіміздісақтап, татулық пен өзара сыйластық арқылыортақ мүддемізді қорғау», – деді Аида Балаева.

Сөз соңында Премьер-министрдіңорынбасары жаңа Конституция жобасыныңқоғамда кең талқылануы елдегі саясимәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің арта түскенінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Оныңайтуынша, ұсынылып отырған өзгерістерәділетті мемлекеттік құрылым қағидаттарыннығайтуға, билік институттарына деген сенімдіарттыруға және Қазақстанның орнықты дамуынқамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазіргі кезде жаңа Конституция туралықоғамда әртүрлі пікір айтылып жатыр. Бұлқалыпты құбылыс. Өйткені азаматтардың АтаЗаңның әрбір бабына үңіліп, оның мазмұнымен болашақтағы ықпалын талқылауықоғамның саяси мәдениетінің өскенін, азаматтық жауапкершіліктің күшейгенінкөрсетеді. Жасыратыны жоқ, Конституцияғаенгізілген өзгерістерді Президенттің билігінкүшейту әрекеті деп бағалап жатқандар да бар. Алайда бұл пікірдің еш негізі жоқ. ЖаңаКонституцияда Президент өкілеттігіне белгілібір шектеулер енгізілген. Мәселен, ЖаңаКонституцияға сәйкес Президент жеті жылдықмерзімге бір рет қана сайланады, сондай-ақоның жақын туыстары жоғары мемлекеттікқызметтерге тағайындала алмайды. Шынмәнінде, Мемлекет басшысысуперпрезиденттік модельге мұқтаж емес. Керісінше, бүгінгідей аумалы-төкпелі, күрделігеосаяси кезеңде бізге елдің тыныштығы мен тұрақты дамуына кепіл бола алатын, мемлекетмүддесін бәрінен жоғары қоятын Қасым-Жомарт Тоқаевтай Президент қажет», – дедіАида Балаева.

Кездесуде Жалпыұлттық коалиция өкілдеріҚазақстан Республикасы ПарламентіМәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай, мемлекет және қоғам қайраткері, заңгер СерікАқылбай, ғалым, қоғам қайраткері НұрланДулатбеков, сондай-ақ мемлекет және қоғамқайраткері Әбілғазы Құсайынов сөз сөйледі. Спикерлер өз баяндамаларында ұсынылыпотырған өзгерістер қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қосымша жағдайжасайтынын, сондай-ақ азаматтардың елдіңқоғамдық және саяси өміріне қатысумүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті.

Ұлытау облыстық Аналар кеңесінің төрағасыГүлбану Сейтжанова жаңа Конституция жобасы отбасы құндылықтарының, этносаралық келісімнің және қоғамдықдиалогтың маңызын арттыра түсетінін ерекшеатап өтті. Сондай-ақ ол өңірдегі этномәденибірлестіктердің өкілдері мен Аналар кеңесініңмүшелері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарынабелсенді қатысып жатқанын және алдағыреферендумды қолдайтынын айтты.

Кездесуде сөз алған қатысушылар жаңаКонституция жобасы қоғам тарапынан тек құқықтық құжат ретінде ғана емес, соныменбірге тарихи сабақтастықты, мемлекеттіңегемендігін, ел бірлігі мен тұтастығын жәнеадами капиталды дамыту басымдығынайқындайтын құндылықтар жүйесі ретіндеқабылданып отырғанын атап өтті.

«Мен 1995 жылғы Конституцияныңпреамбуласын жаңа Конституция жобасыныңпреамбуласымен салыстырып көрдім. Меніңойымша, жаңа мәтінде тарихи сабақтастық, мемлекеттің унитарлық сипаты, аумақтықтұтастық, ел бірлігі мен қоғамдық келісіммәселелері өте айқын әрі нақты көрініс тапқан. Әсіресе преамбулада мәдениет, білім, ғылымжәне инновациялар ел дамуының негізгібағдарлары ретінде жеке атап көрсетілгеніерекше маңызды. Сондықтан жаңаКонституция жобасын референдумда қолдауҚазақстанның алға басуына және еліміздіңболашағын нығайтуға қосатын ортақ үлесімізболады деп санаймын», – деді жезқазғандықтұрғын Ғазиз Ештанайұлы.

Кездесу соңында коалиция өкілдерітұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, қатысушылар 15 наурызда өтетінреспубликалық референдумға саналы түрдеқатысудың маңыздылығын ерекше атап өтті.