"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Учаскелер дауыс беруге дайын және заңнама талаптарына сай — Орталық референдум комиссиясы

АСТАНА. KAZINFORM — Учаскелерде мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жөнінде Орталық референдум комиссиясы хабарлайды.
— Учаскелерде арнайы бұрыштар жасақталған. Олар компьютерлер, лупалар, қосымша жарықтандыру, дауыс беру бюллетеніне арналған Брайль қарпімен трафареттер, сондай-ақ Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудио нұсқасымен жабдықталған. Сонымен қатар ғимараттар пандустармен, кіреберісте тактильдік көрсеткіштермен және ішкі навигациямен қамтамасыз етілген, — делінген ОРК ақпаратында.
Сонымен бірге референдум күні инватакси және сурдоаудармашылардың қызметтері қарастырылады.

Елдің үш өңірінде — Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарында пилоттық жоба жүзеге асырылады. Аталған аймақтарда мүгедектігі бар дауыс берушілер үшін инновациялық шешімдер енгізілген бір учаске жұмыс істейді.

https://kaz.inform.kz/news/uchaskeler-dauis-beruge-dayin-zhane-zannama-talaptarina-say-ortalik-saylau-komissiyasi-94c6f2/