"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

✅Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі: «Иә, қабылдаймын» деп дауыс бергендер — 86,7%

Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді.

Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан. 

Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты. 

Еxit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берді. Жалпы 75,3% адам қатысты.