Ауданымызда құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Айқын нәтиже» профилактикалық марафоны өткізілді.
Іс-шара Хромтау ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің және Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжден 200 еріктінің қатысуымен өткізілді.
Мақсат — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Марафон жол-көлік оқиғаларының, интернет-алаяқтықтың, есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу және алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың жолын кесу бағыттар бойынша профилактикалық жұмыстарды қамтыды. Нақтырақ айтсақ, мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіріп, ақпараттық жадынамалар таратты. Сондай-ақ тұрғындарға алаяқтардың кең таралған тәсілдері мен одан сақтану жолдары айтылып, жастар мен тұрғындар арасында есірткінің зияны мен оны таратуға байланысты заңнамада көзделген жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сауда орындарында алкоголь өнімдерін өткізу кезінде заң талаптарын сақталу жөніндегі түсіндіру жұмыстары да осы марафон кезінде кеңінен түсіндірілді.
Шара барысыгда тұрғындармен кездесулер өткізіліп, құқықтық кеңестер берілді, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттық материалдар таратылды. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
