Көктау-2 ауылында күрделі жөндеуден кейінмедициналық амбулатория қайта ашылды.
Бұл — жергілікті тұрғындар бірнеше жыл бойы күткенмаңызды оқиға. Жаңарту жұмыстары Ақтөбе мыс компаниясының қолдауымен жүзеге асты.
Амбулатория ғимараты толық жаңғыртудан өтті. Жөндеубарысында іргетасы нығайтылып, шатыры ауыстырылды, жаңа электр желісі тартылып, жылыту жүйесіжаңартылды. Сондай-ақ заманауи терезелер мен есіктерорнатылды. Нәтижесінде ғимарат іші жарық, жылы әріпациенттер мен медицина қызметкерлері үшін жайлыбола түсті.
Ауыл тұрғындары бұл өзгерістерді бағалап үлгерді. «Өтеыңғайлы, енді алысқа барудың қажеті жоқ. Емдеріміздіосында аламыз», – дейді Көктау-2 ауылының тұрғыныЗарина Күлманова.
Амбулатория шамамен 1200 адамға қызмет көрсетеді. Мұнда жалпы тәжірибе дәрігері, мейіргерлер жәнеәлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар, белгілі бір күндері облыс орталығынан келетін бейіндімамандар қабылдау жүргізеді. Пациенттер үшін күндізгістационар қарастырылған, ал шұғыл жағдайларда жеделжәрдем көлігі қолжетімді. «Ультрадыбыстық зерттеуденөттім, бейінді маманға жазылдым, бәрі жақсы, тез. Көбінеқалаға бара алмаймыз, ал мұнда бәрі жақын. Дәрігерлерорталықтан келеді», — дейді ауыл тұрғыны Дания Ташпенова.
