"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Саясат

Ердоған: Бұл орден — Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипаттың белгісі

АСТАНА. KAZINFORM — Режеп Тайип Ердоған Түркістанның пірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы ерекше орденнің алғаш рет өзіне берілгеніне қуанышты екенін жеткізді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

 

Ердоған: Бұл орден — Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипаттың белгісі
Фото: Ақорда

 

— Бұл орденді Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипатыңыздың белгісі деп қабылдаймын. Осы орайда елдеріміз арасындағы бауырластықты бекемдеу бағытындағы көреген саясатыңыз үшін Сізге, құрметті бауырым, алғыс айтамын. Бауырластығымыз, достығымыз лайым мәңгі болсын! — деді Түркия Президенті.

Айта кетейік, Тәуелсіздік сарайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды «Qoja Ahmet Yasaui» орденімен марапаттау рәсімі өтті.

Айта кетейік, Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларация қабылдайды.

https://kaz.inform.kz/news/erdogan-bul-orden-turkiya-respublikasi-zhane-turk-ultina-degen-ltipattin-belgs-8dc28f57