"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Саясат

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларация қабылдайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларация қабылдайды. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 6-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

 

п
Фото: Ақорда

— Бүгін мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияны қабылдаймыз. Осы маңызды құжат қазақ-түрік қатынастарын дамытуға тың серпін беретіні анық. Бұл мәселе бойынша екі елдің де ниет-тілегі бір. Сондықтан әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де мол деп айтуға толық негіз бар, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алған еді.

Айта кетейік, отырыс барысында Қазақстан Президент қазіргі таңда қазақ-түрік екіжақты қарым-қатынасы кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып жатқанын, елдеріміздің арасында ешқандай түйткіл жоқ екенін баса айтты.

https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-men-turkiya-manglk-dostik-zhane-keneytlgen-strategiyalik-serktestk-tur-1c8ae461