"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей бірлескен 70 инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Ортақ бастамалар қос елдің арасындағы жан-жақты байланысты күшейтеді. Бұл жөнінде Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаевпен ресми кездесуінде мәлімдеді.

 

Қазақстан - Ресей
Фото: Ақорда

– Үкіметаралық, ведомствоаралық және коммерциялық келісімдердің ауқымды пакеті дайындалды. Олар экономика мен энергетикадан бастап мәдени-гуманитарлық жобаларға дейін барлық саланы қамтиды. Мұның бәрі өзара әріптестікті нығайтады. Ресей – Қазақстанның ең басты сауда серіктестерінің бірі. 2025 жылы тауар айналымы айтарлықтай өсті. Бірлескен 70 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр, – деді ол.

Сонымен қатар, Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық байланыс жөніндегі мәлімдемесіне қолдау білдірді.

– Жыл сайын өңіраралық серіктестік форумдары ұйымдастырылады. Өткен жылдың қараша айында Қазақстанда сондай кездесу өтті. Бұл аталған форматтағы 21-ші жиын болатын. Келесі форум да жемісті болатынына күмән келтірмейміз. Сіз айтқандай, алдағы форум 20 тамызда Омбыда өтеді, – деді Владимир Путин.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 16%-ға артқанын жазғанбыз.

 

https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-men-resey-brlesken-70-investitsiyalik-zhobani-zhuzege-asirip-zhatir-f5449157