"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
ЖаңалықтарҚоғам

Ақтөбеде тұрғын эвакуатор көмегімен көлік ұрлаған

Ақтөбеде тұрғын эвакуатор көмегімен көлік ұрлаған

Ақтөбелік эвакуатор көмегімен көлік ұрлаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының полиция бөліміне 20 жастағы жігіт автокөлік ұрлығы туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, қыркүйектің соңғы күні көпқабатты үйдің артында жүруге жарамсыз күйде тұрған «Мерседес Бенц Е-280» автокөлігі ұрланған.

«Полиция қызметкерлері көлікті автобөлшектер саудалайтын жерден тауып, оны мұнда эвакуатормен әкелген 32 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдіктінің эвакуатор жалдап, оның көмегімен автокөлікті осында әкеліп, 120 мың теңгеге тапсырғаны анықталды», — делінген хабарламада.

Ұрлық дерегі бойынша ҚР ҚК-ның 188-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

ПІКІР ЖАЗУ