АПВ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адам папилломасы вирусы (АПВ) – дененің терісі мен әртүрлі бөліктерінің шырышты қабығына әсер ететін вирустар тобы. Ол – жыныстық жолмен берілетін ең көп таралған инфекция түрлеріне жатады.
Адам папилломасы вирусы қандай қауіп төндіреді?
Адам папиломасы вирусы – тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустар тобы. Вирус қауіпті, өйткені ол тез тарала алады, жасушалардың қатерлі ісігінің қоздырғышына айналады және нәтижесінде қатерлі ісіктің дамуына әкеледі. Оның 14 түрі онкогенді, яғни онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі екен. Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің адам папилломасы вирусын жұқтыруымен байланысты, бұл туралы көптеген ғылыми дәлелдер бар.
Біздің елде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі екінші ең көп таралған қатерлі ісік болып табылады.
Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, жылына 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады.
Адам папилломасы вирусы қалай беріледі?
Адамнан адамға АПВ келесі жолдармен беріледі:
1) Тұрмыстық байланыс жолымен: АПВ қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы берілуі мүмкін.
Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаға, бассейндерге барған кезде мұқият болу керек.
2) Жыныстық жолмен:
Жыныстық жолмен берілетін вирустардың онкогендік түрлері жыныс мүшелерінде орналасқан сүйелдерді тудырады.
3) Туған кезде вертикальді жолмен: Вирус туу каналы арқылы өту кезінде анадан балаға беріледі.
Сүйелдер көбінесе нәрестелерде өмірдің алғашқы жылдарында аузында немесе терісінде пайда болады.
4) Өзін-өзі жұқтыру арқылы: Көбінесе қырыну немесе эпиляция кезінде АПВ дененің бір бөлігінен екіншісіне ауысады.
АПВ вакцинасы қалай жұмыс істейді?
Дене вакцинаға иммундық жүйеге АПВ инфекциясымен күресуге көмектесетін антиденелер жасау арқылы жауап береді. АПВ вакцинасы рекомбинантты ДНҚ технологиясын пайдалана отырып, вакцина құрамындағы әрбір АПВ түрінің ақуыз қабығынан алынған вирус тәрізді бөлшектерді (VLP) қамтиды.
Бұл вакциналарда вирустың ДНҚ-сы бар және олар тірі емес, сол себептен вакцина АПВ инфекциясын немесе қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін емес.
ҚР 2024 жылдан бастап Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді.
Қазақстанда 2024 жылғы күз айынан бастап қыздарға вакцина салу жоспарлануда. Адам папиломасы вирусына қарсы вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді, екпе негізінен 11 жасар қыз балаларға салынады (екпе 2 рет араға 6 ай салу арқылы жүргізіледі), екпе салу ата-анасының келісімінен соң жүргізіледі.
Барлық елдерде бұл вакцинаға сұраныс жоғары болып отыр. Бүгінгі күні 125-тен астам ел ұлттық вакцинация күнтізбесіне осы вакцинацияны енгізген. Солардың ішінде орталық Азия елдері бойынша көршілес Қырғызыстан, Өзбекстан, Түрікменстан АПВ-на қарсы вакцинаны енгізген.
Қазіргі күні жатыр мойны обырының алдын алуда ең сенімді және бірден-бір сақтану жолы вакцинация алу болып отыр.
Индира Аяғанова, Хромтау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы