"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Еңбек адамы

СӘНДІБЕК САЛҒАН ЖОЛ

Біздің кезекті кейіпкеріміз тарихы тереңнен сыр тартатын, алдағы жылы өзінің 90 жылдығын атапөтетін, аудан тынысын халыққа жеткізіп келе жатқан«Хромтау» газетінің бұрынғы фототілшісі Сәндібек Қуанов.

Ол 1962 жылы 12 қаңтарда Ақтөбе облысы Мәртөкауданында дүниеге келген. 1985 жылы 23 жастағы жасжігіт сол кездегі аудандық басылым «Красное знамя»,қазіргі «Хромтау» газетінде фототілші болып 1988 жылғадейін еңбек етті. Кейіпкер сол уақытты былайша ескеалады.

— «Красное знамя» газетінде фототілші ғана болған жоқпын, әр санда менің мақалаларым да жарық көретін. Ол кезде бір тегпен бірнеше мақала шығаруға болмайтын. Сондықтан менің бірнеше бүркеншік тегім болды. Мақалаларым «ЮН», «Талин», «Утенов», «Хамзин» лақап аттарымен жарияланып жүрді. Жұмысым өзімеұнады. Қызықты болды, дейді Сәндібек Қуанов.

Кенді өлкеге кездейсоқ келмеген маман не үшін Хромтау ауданын таңдағанын да айтып берді.

Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің орыс тобын сырттай бітірдім. Хромтау ауданын жайдан-жай таңдамадым. 1985 жылы ол кезде3 курста оқитын кезім еді. Хромтау ауданы өндірісіөркендеп, ауыл шаруашылығы алға басып келе жатқанаудан болғандықтан, еңбек жолымды осы жерденбастадым, деді ол.

Өндіріс пен ауыл шаруашылығы қатар дамыған аудандақызмет етіп жүріп, барлық саланың қыр-сырын меңгергенмаман өзінің тәжірибесінде көргендерімен де бөлісудіжөн көрді.

Ол кезде жиырмадан енді асқан жас жігітпін. Көрсем, білсем деген қызығушылығым мені әр саланыкөріп, көңілге түйуіме журналист мамандығымның көпкөмегі тиді. Өндіріс саласын тереңірек біліп, көргенуақытым «ШығысОрал» геологиялық барлауэкспедициясы құрамында болған кезім. Қазіргі Көктауауылы ол кезде шамамен 40 түтіндей ғана шаңырағы бар шағын ауыл болатын. Ауыл шаруашылығы саласында да аудан ол уақыттарда рекордтық көрсеткіштеркөрсететін. Соларды халыққа жеткізу мақсатындаарнайы баратын едік. Маған ондай сапарлар ұнайтын. Кредиковка және Құдықсай совхоздарында өсірілгенқазақтың ақ бас ірі қара тұқымдарының таза салмағытоннаны құрап, Мәскеуден адамдар келіп, соларменшаруалардың жетістіктерінің талай куәсі болдым, деді Сәндібек Хамзиевич.

Естен кетпес естеліктер

Уақытында ауданның қоғамдық-саяси өмірінің бел ортасында жүрген Сәндібек ағаның есінен кетпейтінестеліктері бірге қызмет жасаған әріптестері. Олартуралы да бірер сөз айтып берді.

Еске алатын жәйттер жетерлік. Біздің уақытымыз да, адамдар да өзгеше болды. Ол кезде газеттің редакторы болған Яков Сидорович Гринченко өте жақсы адам еді. Қаламы қарымды қарт журналист газеттен зейнеткешықты. Одан кейін Сергей Неудачин редактор болды. Малика Тугилова, Людмила Дементьева бәріміз біргежұмыс жасадық. Кейіннен Людмила Дементьева Мәскеуге кетті. Сонда «Итар-ТАСС» Ресей ақпараттықтелеграф  агенттігінде жұмыс жасады, бәлкім қазірзейнетке шыққан шығар. Тағы кімді айтсам боладыСоколов Анатолий Егорович болды. Бәрінен сол Яков Сидорович Гринченко көненің көзі, ескі әдіспен жаңабуынды дұрыс бағыттап, мықты мамандардықалыптастыра білді, дейді кейіпкеріміз.

Дәуір дүрбелеңі

Басылымнан басталған журналистің еңбек жолы да, өміржолы да қызық әрі қиындыққа толы болды. Темір құрсаубосап, Тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарыныңжелтоқсаны шалғайды да шарпыған. Дәуір дүрбелеңінбылайша еске алады.

1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасынан кейін қазақтарға деген кейбір адамдардың көзқарасы өзгере бастады. Әскер қатарында Отан алдындағы борышымды өтеп, 19 жыл орысша білім алған бізге де дәуір дүрбелеңінің салқыны білінді. Содан басылымдағыәрі Хромтау ауданындағы қызметімді аяқтадым. 1999 жылы облыс орталығы Ақтөбе қаласындағы «Рика» теларнасында «Факт» бағдарламасында екі-үш ай ғанажұмыс жасадым. Шындықты ашып айту мүмкінболмаған соң, ол қызметті де тоқтатуыма тура келді. Одан кейін 2009 жылы екі тілде 16 беттен тұратын«Ықтияр» газетін шығардық. Газет айына бір рет, 500 таралыммен жарыққа шықты. Қалған 30 жылда әржерде құрылыста, коммерция, сауда қайда ақша болса,сонда жұмыс жасап, үйге нанымызды әкеліп, нәпақатаптық. Қазір зейнетке жарты жыл қалды. Еш нәрсегеөкінбеймін. Шүкір, бәрі жақсы, қанағат етемін, бәрінеризамын, дейді Сәндібек Қуанов.

Жұмыр жерде жасаған тіршілікте ешкімге кек, өкпе-назсақтамай өмір сүру, екінің-бірінің қолынан келер іс емес. Талай тағдыр тауқыметін тартса да Сәндібек аға бәрінедән риза. Өткенмен емес, қазіргі сәтпен өмір сүре білетінкейіпкердің өнегелі өмірі, жасаған қызметі жас буынғаүлгі болары анық. Ағамыздың ақыл кеңесі мен парасатпайымы оқырманға ой салады деген сенімдеміз.

Ақбаян ҚОЖАБЕКОВА.

ПІКІР ЖАЗУ