"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
ЖаңалықтарҚоғам

Ғабит Садырбеков Бас Прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ғабит Садырбеков Бас Прокурордың орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Бас Прокурорының орынбасары болып Ғабит Садырбеков тағайындалды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген Ақорда хабарламасында.

Ғабит Садырбеков 1978 жылғы 3 маусымда Ақмола облысында туған. Білімі жоғары: 1994-1999 жж. — Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті.

Еңбек өтілі:

  • 2001-2017 жж. – прокуратура органдарындағы қызмет.
  • 2017-2020 жж. – банк саласындағы қызмет.
  • 2020-2021 жж. – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі.
  • 2021 жылғы 2 наурыздан 2022 жылғы 8 қаңтарға дейін – ҚР Қаржы мониторингі агенттігі аппаратының басшысы.
  • 2022 жылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары.

ПІКІР ЖАЗУ