"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
ЖаңалықтарҚоғам

ХРОМТАУЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖОЛДА ҚАЛҒАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАСАП ЖАТЫР

  • Қыңыр қыс мінезін көрсетіп, боран борап, айнала түтеп жатқан мезгілде аудан кәсіпкерлері жақсылық жасап жарысты. Жергілікті “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының басшысы Ұлан Жаналиннің айтуынша, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық кәсіпкерлер бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті жеке кәсіпкерлер жолда қалған жолаушыларға көмек қолын созу мақсатында азық-түлік дорбаларын дайындаған, сондай-ақ қазіргі таңда 900 мың теңге көлемінде қаражат жинаған. Ақшалай көмек әлі де жиналу үстінде. Азық-түлік пен керек-жарақты жеткізуге төтенше жағдайларға арналған арнайы көліктер көмектесуде.
  • Осыған дейін қолайсыз күн райында жол бейнетіне ұшыраған жандарға аудандық мәслихат депутаттары мен еріктілер көмек қолын созып, қажетті азық-түлік таратқан еді. Жақсылық істен қалыс қалмай, жол бойында орналасқан кемпингтер жолаушыларды жатын орынмен қамтуда. Аудан жұртшылығының қысылтаяң уақытта қамқорлық көрсетіп, жолаушыларға жанашыр болғаны көпшілікке үлгі боларлық іс.

ПІКІР ЖАЗУ