15 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Хромтау аудандық мәдениет орталығында жаңа пәтер иелеріне тұрғын үй кілттерін салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Салтанатты шарада Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтады.
— Әр отбасы үшін баспаналы болу — үлкен қуаныш әрі маңызды қадам. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы тұрғындарға қолдау көрсетуге ерекше мән берілуде. Осы бағытта ауданымызда тұрғын үй салу және сатып алу жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр, — деді аудан әкімі.
Хромтау ауданында тұрғын үй мәселесін шешу бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Бұл жоба тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазір аудан бойынша жоспарланған 150 үйдің 95-і тұрғындарға берілді.
Салтанатты рәсімде 15 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды. Олардың қатарында Хромтау қаласының тұрғындарымен бірге ауданға қарасты елдімекендердің тұрғындары да бар.
Жаңа баспана иелері қуаныштарымен бөлісіп, өз ришалықтарын білдірді.
Ләззат ӘБДІРОВА
