"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

АДАЛ ҚЫЗМЕТ — ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТИІМДІ ҚҰРАЛ

АДАЛ ҚЫЗМЕТ — ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТИІМДІ ҚҰРАЛ

Ветеринария — халықтың денсаулығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды сала. Сондықтан мұнда ашықтықты қамтамасыз ету, қызметтік әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу — басты міндеттің бірі. Ветеринариялық құжаттарды рәсімдеу, мемлекеттік қызмет көрсету, эпизоотиялық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде заң талаптарының қатаң сақталуы қоғамның сенімін арттырады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында ел дамуындағы басты ұстанымдардың бірі ретінде «Заң мен тәртіп» қағидатына ерекше мән берді. Бұл қағидат мемлекеттік басқарудың барлық саласына, соның ішінде ветеринария қызметіне де тікелей қатысты.
Осы бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, қызметкерлер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға басымдық берілуде. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдаланбау, азаматтармен ашық әрі әділ қарым-қатынас орнату — жемқорлықтың алдын алудың негізгі тетіктері саналады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, электрондық жүйелерді кеңінен қолдану адам факторын азайтып, қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді.
Заң талаптарын мүлтіксіз орындау, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстану — ветеринария саласының тиімді жұмыс істеуінің және қоғам сенімін нығайтудың басты кепілі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы.