"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

АЭС ҚҰРУ — МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған Жолдауында атом энергетикасына тоқтала отырып, АЭС салу мәселесіне қатысты референдумның 6 қазанда белгіленгенін атап өткен болатын.
Біз күнделікті өмірімізді электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Халық саны мен өндіріс орындары көбейген сайын энергия тапшылығының да орын алатыны белгілі.
Осы себепті елімізде алдағы елу, тіпті жүз жылда энергия тапшылығын болдырмас үшін АЭС салудың маңызды екенін байқауға болады.
Қазірдің өзінде дамыған елдерде де атом электр станциялары жұмыс жасап тұр.
Мен елімнің болашағының жарқын болғанын қалаймын. Қазақстанның басқа елдердің энергиясына тәуелді емес, керісінше шетелге энергия тасымалдайтын ел болса деймін.
6 қазанда өтетін референдумда халықтың жан-жақты ойланып, дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенемін!

Егізбаев Асылбек Кеңесұлы, Хромтау аудандық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер

ПІКІР ЖАЗУ