«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысының прокуратурасы үлескерлердің құқықтарын қорғау жұмыстарын жүзеге асыруда.
Мысалы, тергелген алаяқтық дерегі бойынша «Жилище» құрылыс компаниясының төрағасына қатысты қылмыстық іс облыс прокуратурамен 2 сәуірде сотқа жолданды.
Зардап шеккен 75 үлескер тұрғын үй құрылысына 421 млн теңгеден астам қаражат салған. Алайда, компания Ақтөбе қаласында 2 үйді салмаған.
Облыс аумағында жалпы 11 проблемалық үлескерлік құрылыстары бар, олар бойынша 745 жәбірленуші, залал – 5,6 млрд теңге.
Өткен жылы 5 құрылыс компания басшылары 8 нысан бойынша қылмысқа тартылып 6 жылға сотталды.
Прокуратурамен, азаматтық тәртіпте соттарға 2 талап-арыз жолданды, яғни 159 үлескердің мүддесі үшін, сатып алу шарттарын жарамсыз деп танып, үлескерлердің пайдасына 2 млрд теңге өндіру талап етілген. Одан басқа, 600 үлескердің мүддесі үшін тағы 6 талап-арыз жолданады – бұл туралы облыс прокуроры Марат Әбішев атап өтті.
Біз барлық проблемалық құрылыс нысандарын бақылауда ұстаймыз.
Прокуратура органдары азаматтарды құрылысшылардан барлық рұқсат құжаттарын талап етуге шақырады, мысалы:
уәкілетті оператордың кепілдігі;
екінші деңгейлі банктің жобаға қатысуы;
тұрғын үйдің құрылысының толық даярлығы.
Егерде Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, әкімдің жанындағы құрылыс Басқармасына немесе сот және прокуратура органдарына арыз жазуға болады.
Меншік пен мүліктеріңізді қорғаңыз!
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП