"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

«Хромтау» аудандық газетінде баспа алаңын ұсыну ақысының мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

«Хромтау» аудандық газетінде баспа алаңын ұсыну ақысының мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, «Хромтау» аудандық қоғамдық-саяси газетінде сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын ұсыну ақысының мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлаймыз.

1. Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру құны:
— ақ-қара түсті басылымда – 1 шаршы сантиметрі үшін 350 теңге;
— түрлі-түсті басылымда – 1 шаршы сантиметрі үшін 400 теңге.
2. Сайлауалды үгіт материалдарын газет бетінде орналастыру (орналасу орны) редакцияның шешімімен айқындалады.
3. Сайлауалды үгіт материалдары оларды қаржыландыру көзі туралы мәліметпен бірге жарияланып, «Сайлау – 2026» айдарымен беріледі.