"Хромтау" аудандық қоғамдық-саяси газет
Жаңалықтар

Хромтауда экологиялық таза энергия көзі дамуда

 

Жел электр станциясы — бұл экологиялық таза энергия өндірудегі маңызды жоба. Бүгінде дәл осындай станция Хромтауда салынып жатыр.
Хромтаудың өндірісті аймақ екенін ескерсек, жел электр станциясы өңірдегі энергия қажеттіліктерін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Бұл жоба толықтай жүзеге асырылса облыстың, оның ішінде Хромтау ауданының экономикалық дамуына, экологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал етеді. Хромтаумен қатар көршілес аудандарға да энергия көздерін жеткізуге мүмкіндік болар еді.

Хромтау аудандық мәслихатының депутаты Жаналин Ұлан

ПІКІР ЖАЗУ